jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев Тәжікстан президентінің ұлы Рустами Эмомалиді қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Рустами Эмомали
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Рустами Эмомали. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

    Кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомали қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.

    Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді. Сондай-ақ Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екеніне тоқталды.

    Тәжікстан парламенті жоғары палатасының спикері қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізді.

    Рустами Эмомали Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, халықтарымыздың игілігі үшін екі елдің парламенттері арасында конструктивті және іскерлік байланыстар жолға қойылғанына назар аударды.

    Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқаны айтылды.

    Тоқаев Тәжікстан президентінің ұлы Рустами Эмомалиді қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.