jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Украина мен тағы жеті мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және елшілер
    Қасым-Жомарт Тоқаев және елшілер. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақордада сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері мен Біріккен Ұлттар Ұйымы өкілінің Қазақстан президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

    Сенім грамоталарын:

    • Украина елшісі Виктор Майко;
    • БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі Сарангоо Раднаарагчаа;
    • Үндістан Республикасының елшісі Я.К. Сайлас Тангал;
    • Алжир Халықтық Демократиялық Республикасының елшісі Осман Михаджи;
    • Швеция Корольдігінің елшісі Ларс Стефан Эрикссон;
    • Бельгия Корольдігінің елшісі Эрик де Майер;
    • Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің елшісі Салли Джейн Аксуорси;
    • Латвия Республикасының елшісі Даце Рутка;
    • Грузия Республикасының елшісі Леван Диасамидзе тапсырған.

    Президент дипломаттарға Қазақстанның көп векторлы және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді.

    Мемлекет басшысы еліміздің конструктивті диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа ашық екенін айтып, жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайту мен кеңейту ісіне белсенді түрде үлес қосатынына сенім білдірді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ыстық ықыласын жолдады.

    Тоқаев Украина мен тағы жеті мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.