jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев екі елдің президенттеріне құттықтау жеделхатын жолдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Өзбекстан және Словакия президенттеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеев пен бауырлас халықты Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаған.

    Мемлекет басшысы президент Шавкат Мирзиеевтің қуатты әрі беделді басшылығымен Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық дамуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және халықаралық аренада ұлттық мүддесін ілгерілетуде таңғаларлық табысқа жеткенін атап өткен.

    "Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы ретінде Сіздің еліңізбен сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дами беретініне сенімдімін.

    Бұл бауырлас халықтарымыздың игілігіне қызмет етіп, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді", - деп жазылған жеделхатта.

    Мемлекет басшысы Словакия президенті Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтаған.

    Президент жеделхатта Словакияның демократиялық институттарды нығайту және әлеуметтік-экономикалық өрлеу ісіндегі жетістіктеріне тоқталған.

    Сонымен қатар екі ел арасындағы достық пен өзара құрметке негізделген қатынастардың деңгейі жоғары екенін атап өтіп, оның одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Словакия халқына бақ-береке тілеген.

    Тоқаев екі елдің президенттеріне құттықтау жеделхатын жолдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.