jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Ауғанстан басшылығына елдегі жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанда 1 қыркүйекке қараған түні Пәкістанмен шекараға жақын жерде күші 6 балдық жер сілкінісі болғанын жазған едік.

    РИА Новости агенттігінің ауған БАҚ-тарына сілтеме жасап жазуынша, кейінгі тараған ресми мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан 800 адам қаза тауып, тағы үш мың адам жарақат алған.

    Қайтыс болған және жарақат алған адамдар саны әлі де өсуі мүмкін, себебі құтқару операциясы жалғасып жатыр.

    Айта кетелік, осыған дейін елдің Денсаулық сақтау министрлігі ТЖ аймағында ауқымды құтқару операциясы басталғанын, алайда табиғи апат шалғай таулы аймақта тіркелгендіктен, әзірге одан келген залалдың көлемін бағалау қиын екенін мәлімдеген еді.

    Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.