jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев ExxonMobil басшысымен Теңіз бен Қашаған кен орындары мәселесін талқылады

    Тоқаевтың ірі компания басшыларымен кездесуі
    Тоқаевтың ірі компания басшыларымен кездесуі. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа сапары барысында ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді, оның ішінде ExxonMobil басшысымен де кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсқа ілтипат білдіріп, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі серіктестерінің біріне айналған коммерциялық ұйыммен ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Даррен Вудс компанияның Теңіз және Қашаған кен орындарындағы перспективасы жөнінде пікір алмасты.

    Мемлекет басшысы сондай-ақ АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады.

    Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымын ұлғайту мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.

    ️Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстанда жүргізілген жоғары деңгейдегі америкалық сауда-инвестициялық миссиясының қорытындысын құптап, еліміз Құрама Штаттардың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналатынын атап өтті. Қазақстан АҚШ үкіметімен және іскерлік орта өкілдерімен тиімді ықпалдастық орнатуға бейіл.

    ️Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен әңгімелесудің, сондай-ақ Сауда министрі Говард Латникпен, бірқатар америкалық ірі компания басшыларымен кездесудің мазмұнын жоғары бағалады.

    ️АҚШ Сауда палатасының жетекшісі экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін растады.

    ️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сюзанн Кларк экономиканың түрлі секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын қарастырды.

    Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесті.

    ️Бразилиялық Embraer авиа құрылыс компаниясы жетекшісімен кездесуде жүк тасымалдау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    ️Президент еліміздің Еуразия кеңістігіндегі негізгі көлік-логистикалық хабқа айналуға ұмтылатынын жеткізді.

    ️Әңгімелесу барысында Қазақстанда Embraer ұшақтарына техникалық қызмет көрсететін өңірлік сервистік орталық ашу перспективасы қарастырылды.

    ️Франсиско Гомес Нето Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетіне жоғары баға беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

    Президент сонымен қатар Сitigroup компаниясының бас атқарушы директоры Джейн Фрейзерді қабылдады.

    Кездесуде еліміздегі ауқымды жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.

    Джейн Фрейзер Қазақстанмен арадағы серіктестікті банктер тобы қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастыратынын жеткізді.

    Тоқаев ExxonMobil басшысымен Теңіз бен Қашаған кен орындары мәселесін талқылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.