jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан Иранмен байланысы бар елдерге қатысты АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

    Көк ту
    Еліміздің туы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен бизнес жүргізетін елдерге қатысты жаңа баж салығы енгізілгенін айтқан еді. Осыған байланысты Қазақстанның Сауда министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық күн тәртібі мен жағдайдың даму үрдісін, оның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отыр.

    Қазіргі уақытта ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалауда.

    Сонымен қатар Қазақстан Республикасы өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады", - делінген мәлімдемеде.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Иран Ислам Республикасымен бизнес жүргізетін кез келген елдің АҚШ-пен жүргізетін кез келген және барлық бизнес түріне 25 пайыздық тариф енгізілетінін айтқан болатын.

    Қазақстан Иранмен байланысы бар елдерге қатысты АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.