jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қара теңізде мұнай танкерлеріне жасалған шабуыл: Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

    Сыртқы істер министрлігінің ғимараты
    Сыртқы істер министрлігінің ғимараты. Фото: ҚР СІМ

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қара теңіздегі мұнай танкерлеріне қатысты оқиғалар жөнінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Telegram желісіндегі арнасында ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың Қара теңіздегі мұнай танкерлеріне қатысты оқиғалар жөніндегі мәлімдемесі жарияланды. Онда министрліктің үш танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарға байланысты алаңдаушылық білдіргені айтылған.

    "Сыртқы істер министрлігі 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған үш танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарға байланысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіреді", - делінген мәлімдемеде.

    Ведомство мәліметінше, осы орайда бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерімен шұғыл кездесулер өткен, сондай-ақ америкалық тараппен және өзге де шетелдік серіктестермен болған байланыстар барысында халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, көмірсутегін тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдаудың маңыздылығына ерекше мән берілген.

    "Қазақстан Республикасының қандай да бір қарулы қақтығысқа қатысушы емес екенін, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын әрі энергия ресурстарын жеткізудің үздіксіздігін халықаралық талаптарға толық сәйкес қамтамасыз етіп отырғанын ерекше атап өтеміз. Осыған байланысты аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсаты болғанын және талап етілетін сәйкестендіру жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін атап көрсетеміз", - делінген хабарламада.

    СІМ ресми өкілінің айтуынша, соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын айғақтайды.

    Қазақстан тарабы серіктестерін алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "ҚазМұнайГаз" қазақстандық мұнай тиелген танкерге ұшақсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады деген ақпаратқа қатысты пікір білдіргенін хабарлаған едік.

    Қара теңізде мұнай танкерлеріне жасалған шабуыл: Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.