jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Бахрейн королімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Хамад бен Иса Әл Халифа
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Хамад бен Иса Әл Халифа. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Бахрейн королімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, еліміз қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтқан.

    Мемлекет басшысы Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірген.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жағдайды одан әрі ушықтырмай, қақтығысты диалог және дипломатия жолымен бейбіт түрде шешуді құптайтынын жеткізген.

    Король Хамад бен Иса Әл Халифа ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтқан. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса мән бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін растаған.

    Тараптар Қазақстан-Бахрейн арасындағы достық қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір, бақ-береке тілеген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты араб мемлекеттерінің басшыларына хат жолдаған еді.

    Сонымен қатар президент Иордания королімен және Қатар әмірімен, сондай-ақ БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті.

    Тоқаев Бахрейн королімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.