Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы онкологиялық орталығында тұңғыш президент күніне арналған шара болып өтті

Опубликовано:

Алматы онкологиялық орталығында тұңғыш Президент күнінің қарсаңында емделушілерге арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Негізі, орталықта емделушілерге арналған мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылады.

Себебі, орталықтың бас дәрігері Дәулетбаев Дамир Абайділдәұлының айтуынша, науқас адамның көңіл-күйінің жақсы болуы да емге өз әсерін тигізеді.

Орталықтың кішігірім залында өткен концертке емделушілердің қалын сұрап, өнер көрсетуге еліміздің өнер жұлдыздары қуана-қуана келеді екен.

Себебі, олар өз өнерлерімен дерттен еңселерін көтере алмай жүрген жандарға дем бергісі келеді. Бұл жолы да қиын дертпен күресіп жатқандарды демеп, өнерлерімен сусындатуға аға буын өкілдерімен қатар жастар да келген.

Республикалық «Жігер» Фестивалінің лауреаты, күйші, жазушы, жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы Талап Қараш домбырасын арқалап  келіп күй тарту етсе, әлемдік дәрежеде өнер көрсетіп жүрген  еліміздің Иллиюзионисті Камал Конқараев сиқырлы көріністерімен таң қалдырып та, күлдіріп те алды. Сондай-ақ, «Түрден сол», «Қызыл ормал» деген әндерімен көзге түсіп жүрген жас әнші Қанат Досан да өз өнерін ортаға салып емделушілердің батасын алды.

Эстрадалық әнші Роза Шымырбекова, жас кино және театр актрисасы Малика Елхан, Юлия Коханова сынды өнерлі қыздар ән салып адамдарды бір сергітіп алды.  Ешбір дерт айтып келмейді, алайда көбіне адамдар дертке қарапайым ережелерді сақтамағандықтан шалдығады дейді орталықтың басшысы, м.ғ.д. Дамир Абайділдәұлы.

Көбіне мінезі күйгелек, уайымшыл жандар түрлі ауруға шалдығуға бейім келеді. Қайғыға көп салынуға болмайды және ауыр дерт келген күннің өзінде  мойымай еңсені тік ұстап «мен міндетті түрде дертті жеңемін» деген оймен жақсы көңіл – күйде жүруге тырысу керек. Дәрігерлердің еміне емделушілердің позитивті көңілі қосылғанда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

Сондықтан да, қатерлі ісікке душар болған жандардың туыстары оларға әрдайым дем беріп, көңілдерін көтеруге ат салысулары керек. Бізде орталықта әрдайым осындай мерекелік іс-шараларды жиі ұйымдастыруға тырысамыз. Әншілер, бишілер, күйшілер, аниматорларды түрлі шоу-бағдарламаларымен шақырып тұрамыз.

Оларға ізгі іс үшін аянбай әрдайым келіп өнер көрсететіндіктері үшін алғысымыз шексіз. Мәселен, Дәрібаевтар отбасы, Абай Бегей және тағы да басқа жұлдыздар талай рет біздің қонағымыз болды. Әрине, бәрінен де аурудың алдын алып,  скринингтен дер кезінде өтіп тұрған абзал.

Алғашқы сатыларында анықталған обырды емдеп шығу арзан және жеңіл – дейді бас дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1692676-almaty-onkologiyalyq-ortalyghynda-tunh/

pixel