Мүсірепов театры "Жусан иісі" драмасының премьерасына шақырады
Опубликовано:
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры барша алматылықтар мен қала қонақтарын 6 желтоқсан күні сағат 17:00-де болатын "Жусан иісі" драмасының премьерасына шақырады.
Спектакльдің қоюшы-режиссері - Жұлдызбек Жұманбай.
"АЛЫСТА ҚАЛҒАН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМ... ОЙЫМНАН БІР КЕТПЕЙДІ.
Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау... Еш уақыт ұмытылмас.
Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға бар зілін салды.
Ауыл жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Бәрімізге таныс иіс..."
БАҚ бөлімі
273-22- 48
87071050575
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/press-relizy/1695125-musirepov-teatry-zhusan-iisi-dramasyn/