Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Enbek.kz-тің халықты жұмыспен қамтудағы рөлі қандай?

Опубликовано:

Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы адамзатты жаңа игіліктерге жетелеп, оң өзгерістерге бастады. Озық технологиялардың жетістігін пайдалану арқылы өмір сапасы, тұрмыс салты жеңілдей түсті. Мәселен, елімізде жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің байланысын жақсарту мақсатында бірқатар бастамалар қолға алынды.

Enbek.kz-тің халықты жұмыспен қамтудағы рөлі қандай?

Сондай жобалардың бірі – электрондық еңбек биржасы.

Бұл жоба қажетті жұмыс таба алмай табанынан таусылған талай жанға қуаныш сыйлап, білікті кадр іздеген бірқатар орталықтың да олжалы болуына өз септігін тигізді. Құрылғанына бір жарым жыл уақыт өтсе де, ауқымды платформаға айналып, біртұтас цифрлы жұмыс алаңын құрды.

Сөзіміз құрғақ болмауы үшін, Enbek.kz жобасының елге тигізер пайдасы жөнінде кеңірек тоқталып өтсек.

Бұл бастаманың тиімді тұстары, мүмкіндіктері қандай? Нақты қанша адамды жұмыспен қамтамасыз ете алды? Оларың басым бөлігі қай саланың мамандары? Осы және өзге де сауалдардың жауабын бірге анықтайық.

Электрондық еңбек биржасының бүгінгі жетістіктері

Қазіргі таңда Enbek.kz жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Соңғы деректерге сүйенсек, жұмысқа тұру көрсеткіші Республика бойынша 17 пайызға артқан. Яғни, 630 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілген.

985 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланып, 732 мың түйіндеме базаға тіркелген.

Осылайша, электрондық еңбек биржасы вакансия мен резюме қоры бойынша еліміздегі ең ірі агенттіктердің біріне айналып үлгерді. Осы ретте, еңбекпен қамтылғандардың басым бөлігі жалпы профессияның мамандары екендігін айта кеткен жөн. Атап айтқанда, мұғалімдер, дәрігерлер, санитарлық және техникалық қызметкерлер, жүк тасушылар көп сұраныс жасаған.

Жобаның негізгі мақсаты мен қызметтері

Е-биржа – жұмыс берушіге маман табу үшін, ал жұмыс іздеушіге қызмет табу үшін жасалған бірыңғай цифрлық алаң. Мұнда бос жұмыс орындары мен үміткерлер туралы ақпарат күн сайын жаңарып отырады.

Е-биржа арқылы мынадай қызметтерді алуға болады:

  • бос орындар мен резюмелердің дерекқорына онлайн режимде қолжеткізуге;
  • жеке кабинетті тіркеп, вакансия таратуға әрі резюмені жариялауға;
  • жұмысқа тұру мақсатында кездесуге шақырту алуға;
  • субсидия беру туралы өтініштерді орналастыруға;
  • жұмыспен қамту орталықтарындағы бос жұмыс орындары туралы онлайн-ақпараттарды ұсынуға;
  • кәсіптік бағдар беру бойынша тестілеуден өтіп, тестілеу нәтижелеріне сай порталда бос жұмыс орындарын табуға мүмкіндік бар.

Халыққа тиімді тұстары

Жоғарыда атап өткендей, технологиялық жаңашылдықтар белгілі бір төзгерістерге себепкер болады. Сондай бір өзгерістер ретінде жаңа мамандықтардың пайда болып, қазіргі кейбір мамандықтардың қажет болмай қалуын айтсақ болады. Сол себепті, жастарды жаңа мамандықтарға баулу қажеттілігі туындайды.

Осы тұрғыда, электрондық еңбек биржасының қосар үлесі зор болады. Жоба бойынша, ел жастары еңбек нарығына қажетті мамандықтарды онлайн форматта оқып, сұранысқа сай қызмет ете алады.

Яғни, жұмыссыздықтың алдын алу және сұраныстағы мамандықтарға басымдық беру мақсатында маңызды қадамдар жасалмақ. Осы бағытта министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Электрондық еңбек биржасы нәтижесінде, 2025 жылға қарай халықты еңбекпен қамту пайызы 10%-нан 20%-ға дейін арта түспек.

E-биржаның жұмыс іздеушілер үшін жағымды тұсы:

  • үйден шықпай-ақ, интернет арқылы өз резюмесін биржада жариялай алады;

кәсіби бағдарлау сынағынан өте алады; жұмыс берушіден хабарлама алуға мүмкіндігі бар;

  • уақыты үнемделеді;
  • ыңғайлы форматта қызметтердің тізімін, бос вакансияларды көре алады.

Ал жұмыс берушілер (компания немесе мекеме) үшін тиімділігі: маман іздеп, жұмыспен қамту орталықтарына бармайды, өйткені, қашықтықтан бос вакансияны жариялай алады; білікті кадрды таңдай алады; жұмыс іздеушілер базасына кіруге мүмкіндігі бар және т.б.

Қорытындылай кетсек, бұл жүйенің жұмыссыздықты азайту мен сапалы әрі жылдам қызмет алудағы маңызы зор.

Жобаның халыққа қолжетімділігі басты назарға алынып, қарапайым әрі түсінікті форматта жасалған. Әлі де жаңа мүмкіндіктер қарастырылып, оң өзгерістер жасалмақ.

Мемлекеттің қозғаушы күші, діңгегі адам капиталы екенін ескерсек, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету осындай жұмыстардан бастау алары анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802246-enbekkz-ti-halykty-zmyspen-kamtudagy-rli-kandaj/

pixel