Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыс қаласының 150 баласы Каспий жағалауындағы лагерлерде тегін демалады

Опубликовано:

Шілденің 16-30 аралығында Ақтаудағы «Балдәурен» балалар лагерінде Арыс қаласының 50 баласына, «Алау» лагерінде 100 балаға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарлануда.

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі: Depositphotos

Облыстың мемлекеттік қызметшілері, дәрігерлері мен мұғалімдері, мұнайшылар мен ірі кәсіпорындары жарылыс салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды.

Арыс жұртшылығына қолдау көрсету мақсатында «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық филиалдарында, сонымен қатар «Жастар» ресурстық орталықтарында, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» және «Біз адамбыз-Біз біргеміз» қайырымдылық қоры базасында арнайы гуманитарлық көмек жинау пункттері ашылып, 8 тонна киім, 6 тонна азық-түлік жиналып, алғашқы гуманитарлық жүк 27 маусым күні темір жол арқылы жөнелтілген.

Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, жеке гигиена құралдары және бірінші кезекте қажетті заттар қамтылған. Бұл шаралар әлі де жалғасын табуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1802995-arys-kalasyny-150-balasy-kaspij-zagalauyndagy-lagerlerde-tegin-demalady/

pixel