Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсіпкерлерді қолдау: Жаңа бизнес-идеялар үшін қайтарымсыз қаражат

Опубликовано:

Жас кәсіпкерлер өз ісін дамыту кезінде көптеген қаржылық қиындықты бастан кешіреді. Жаһандық Entrepreneurship Monitor Consortium компаниясы жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемде 30 жасқа толмаған 300 миллион адамның тұрақты жұмысы жоқ екен. Оның 20 пайызы жеке бизнесін бастау үшін қажетті қабілет пен дағдыларды игерген. Десе де, сан түрлі себептерге байланысты соның 5 пайызы ғана жеке кәсібін ашқан.

Ал еліміздегі жағдайға келер болсақ, мемлекет тарапынан жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін түрлі жеңілдіктер жасалып, бірқатар іс-шаралар қолға алынған.

Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com: Depositphotos

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әзірлеген «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қазақстандық жастар мен әлеуметтік әлеуеті төмен топтар жеке ісін жүргізу үшін қаржылай көмек алады. Осыған байланысты, 2019 жылы мемлекеттік бюджеттен 17,8 миллиард теңге бөлінді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы – сүйікті ісі мен хоббиін табыс көзіне айналдыруға ниеттенушілерге арналған шынайы мүмкіндік. Бағдарламаға қатысушылардың 252,5 мың теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант алуға мүмкіндіктері бар. Осылайша, кәсіпкер өз идеясын іске асырып, кәсіпорнын аша алады. Айта кетерлігі, биыл бағдарламада тағы да жағымды өзгерістер жасалды. Яғни, жастар, аз қамтылған отбасылардың мүшелері және мүмкіндігі шектеулі жандар 505 мың теңгеге дейін қайтарымсыз қаржылай көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

Бөлінген қаражат болашақ кәсіпкерлерді қажетті құрал-жабдықтармен, технологиялық құрылғылармен қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ, жануарларды, төрт түлік пен құстарды сатып алуға да болады. Аталған грант тұтынушылық мақсаттарға, тұтынушылық кредиттерді өтеуге, жылжымайтын мүлікті сатып алуға және оның құрылысына, жер тілімдерін сатып алуға және оны жалға алуға, акцизделетін өнімдерді өндіруге берілмейді.

Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com: Depositphotos

Бағдарламаға қатысу үшін ерекше қабілеттің қажеті жоқ, тек кәсіппен айналысуға деген тілек болса жеткілікті. Ал грантты жеңіп алу үшін бағдарламаға қатысушыда жергілікті кәсіпкерлер палатасының оң қорытындысы, сондай-ақ «Бизнес-бастау» жобасы шеңберінде өткізілген курстарды немесе, мәселен, тігінші, аспазшы, шаштараз, дәнекерлеуші және тағы осындай секілді қысқа мерзімді курстарды аяқтағаны туралы құжаты болуға тиіс.

Жалпы, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы тек бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, жұмыссыздық мәселесін шешуге де сеп болады. Қабылданған шаралар арқасында 197 мыңға жуық адам қажетті көмек алды. Оның 112 мыңы қалаған жұмыс орнына орналасты.

Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com: Depositphotos

Қазіргі таңда 2,3 мың қазақстандық грант иегері атанып, кәсіпорындарын кеңейтумен айналысып жатыр. Жоспарға сәйкес 2019 жылы Министрлік жас стартаперлерге 37,4 мыңнан астам грант беруді жоспарлауда, кейіннен олар кәсіпорындарының тұрақты өсуі үшін барлық қажетті заттарды ала алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1808573-ksipkerlerdi-koldau-zaa-biznes-idealar-sin-kajtarymsyz-karazat/

pixel