Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркін елім": Белгілі дирижер Айтқали Жайымов кеш өткізбекші

Опубликовано:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, профессор, дирижер Айтқали Жайымов "Еркін елім" атты шығармашылық кешіне шақырады. Белгілі музыканттың концерті еліміздегі ең беделді өнер ұжымдарының бірі - Құрманғазы оркестрінің 85 жылдығы аясында өтпекші.

ааааа

Айтқали Жайымов - "Ереуіл атқа ер салмай", "Шалқыма", "Отпан тау", "Толғау", "Балдәурен", "Мен сәлем жазамын", "Кемеңгер Құрманғазы" және тағы басқа оркестрге арналған шығармалар мен күйлер, ондаған романс, әндер, хорлармен бірге жеке домбыраға арналған 30-дан астам күйлері мен әртүрлі аспаптарға жазылған пьесалардың авторы.

Сонымен бірге, ол халық композиторлары Қорқыт, Кетбұға, Құрманғазы, Дәулеткерей, Түркеш, Махамбет, Тәттімбет, Абыл, Есір, Байсерке, Қартбай, Қазанғап, Сейтек, Сүгірдің күйлері мен Қазақстан және шетел композиторларының көптеген шығармаларын халық аспаптары оркестріне лайықтап түсірген.

8 қараша күні Құрманғазы оркестрінің залында өтетін кешке Б.Ысқақ, А.Үлкенбаева, А.Қосанова, Б.Мықтыбаев, Х.Қапизов, Т.Хайралиев, Ә.Рахымжан, А.Жайым, А.Әбілда, Ш.Тыныштық сынды өнер майталмандары қатысады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1826167-erkin-elim-belgili-dirizer-ajtkali-zajymov-kes-tkizbeksi/

pixel