Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыл оқушылары шетелде оқиды: Еліміздің 162 ауданында кезекті іріктеу басталды

Опубликовано:

Ауылдағы қабілетті балаларды қолдап, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беретін IQanat қорының Олимпиадасы еліміздің 162 ауданында өтіп жатыр. Қазір Олимпиаданың 1-ші туры барысында облыстық жеңімпаздарды іріктеу жүруде, олардың арасынан Қор гранттарына үміткерлер анықталады.

Ауыл оқушылары шетелде оқиды: Еліміздің 162 ауданында кезекті іріктеу басталды

40 мыңнан астам ауылдық мектептердің тоғызыншы сынып оқушылары Олимпиада тестілеуінен өтеді. Ал қазіргі уақытта 34 мың оқушы тест пен эссе тапсырды.

Айжан Садықова, IQanat қорының атқарушы директоры:

«IQanat» олимпиадасы ауылды жерлерде қанатын кең жайып келеді. 1 қарашадан бастап мен Қарағанды облысының Жарқайың ауданында, Батыс Қазақстан облысы, Арал ауданында, Атырау облысының Құрманғазы ауданында, Солтүстік Қазақстан облысында және Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында, Бәйтерек және Шыңғырлау ауданында өткен олимпиадаларға қатыстым. Іріктеу кезеңін өткізу оңайырақ бола түсті, мұғалімдер бір-біріне біздің олимпиада ережелерін түсіндіруде. Аудан әкімдері де атсалысуда, бұл атқарушы органдардың жобаны қолдап жатқанын көрсетеді. Балалардың қызығушылығы өткен жылмен салыстырғанда жоғары, өйткені ата-аналары, өздері де бұл жобаның ауыл жастарына берілген теңдессіз мүмкіндік екенін біледі».

Ауыл оқушылары шетелде оқиды: Еліміздің 162 ауданында кезекті іріктеу басталды

2020 жылдың жазында Қазақстанның елордасына облыстық турдың 700 финалисті келеді, енді олар республикалық кезеңде жоғары оқу орындарына гранттар үшін күреседі. Сонымен қатар, олар IQanat High School Burabay мектебінің оқу грантына ие болады. Сондай-ақ Олимпиада финалистері екі жыл, яғни орта мектептің 10-11 сыныптарында жоғары оқу орындарына түсуге дайындық мақсатында бағдарламаның қамқорлығында болады. Сондықтан жоба ауылдық мектептердің 9-сынып оқушыларына бағытталған.

Ауыл оқушылары шетелде оқиды: Еліміздің 162 ауданында кезекті іріктеу басталды

Биылғы жылы, IQanat-2019 олимпиадасының қорытындысы бойынша 40 мың үміткердің 500-і финалға шықты, олардың барлығы Қордың қамқорлығында. Жеңімпаздардың бірі Ақтөбе облысының Хромтау ауданынан келген Карина Алдабергенова ағылшын тілінен 3 орын алып, Қордың көмегімен Flex бағдарламасы бойынша грант алды және АҚШ-тың Орегон штатында 10 сыныпта оқиды. Ал 2018 жылы ағылшын тілінен ең бірінші жеңімпаз Дарын Дәлелов АҚШ-та Вирджиния штатындағы Clarke County High School мектебінде 11 сыныпта оқиды және университетке түсуге дайындалуда. Үш оқушы Литваның Ұлы Витаутас университетіне іріктеуден өтті, екеуі Кипрдің Final International University-де оқиды. Бірнеше түлек М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ және Nazarbayev University грантына ие болды. Биылғы жылы гранттардан басқа, ауыл балалары жаңа IQanat High School Burabay мектебіне білім алу конкурсына қатысуға мүмкіндік алады.

Ауыл оқушылары шетелде оқиды: Еліміздің 162 ауданында кезекті іріктеу басталды

IQanat олимпиадасы – ауылдағы қабілетті балаларды қолдап, олардың отандық және шетелдік университеттерде білім алуына мүмкіндік беретін бірегей білім сайысы. Олимпиадаға қатысу үлгеріміне, оқу тіліне және денсаулық жағдайына қарамастан Қазақстанның ауылдық мектептерінің 9 сынып оқушылары үшін тегін. Жоба қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып отыр. Әр кәсіпкер дәстүр бойынша өзінің туған облысында немесе ауданында қордың қызметін қаржыландырады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда оқушылардың жалпы контингентінің жартысынан көбі, ал бұл 52,9% - ауыл мектептерінің оқушылары. Олардың тек 20%-ы ғана Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына, ал қалғандары өңірлік ЖОО мен колледждерге түседі.

Ауыл оқушылары шетелде оқиды: Еліміздің 162 ауданында кезекті іріктеу басталды

IQanat - Қытай, Ресей, Еуропа және Қазақстан университеттерімен ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумдары бар еліміздегі жалғыз жеке олимпиада. Атап айтқанда, Литваның Ұлы Витаутас университеті 5 грант бөлді, Пекин технологиялық институты және KIMEP University - 10 гранттан, М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ - 2 грант.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828009-auyl-okusylary-setelde-okidy-elimizdi-162-audanynda-kezekti-irikteu-bastaldy/

pixel