Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі 2019 жылғы 30 қарашада жаңа толымдаудың Әскери ант қабылдау жоралғысын Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы рет өткізді, бұл іс-шара 1992 жылдан, яғни құрылғаннан күннен бастап Алматы қаласында өткізіліп келген.

Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады

«Айбын» Президенттік полкінің 70 жас сарбазы Әскери ант қабылдады. Бұл акті әскери қызметшілерде патриотизм, Отанға және Қазақстан Президентіне адал болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қатарында қызмет атқаруын мақтан тұту сезімін тәрбиелейтін ерекше әскери жоралғы болып табылады.

Құрмет қарауыл ротасына келген олар, ертеңнен бастап өздерінің міндеттерін атқаруға кіріседі, атап айтсақ: әскери даярлықтың, жауынгерлік және саптық машық-дағдыларын үйренуді, мемлекеттік эталондарды күзетуді, ҚР Президентінің қатысуымен өтетін мемлекеттік-протоколдық іс-шараларға қатысуды бастайды, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған Әскери парадқа қатысады және бұлар – бірнеше айқын мысалдар.

Шеберлікті шыңдау және өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында әскери қызметшілер күн сайын көп сағаттық саптық жаттығуларды жасайтын болады.

Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады

«Айбын» Президенттік полкінде спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау үшін барлық жағдай жасалған, бөлімнің спорттық базасы бөлімшенің жеке құрамын спортпен шұғылдануға толығымен қамтуға мүмкіндік береді. Атлетикалық гимнастика, қоян-қолтық ұрыс залы, стадиондар жұмыс істейді. Бөлімшелерде спорттық бұрыштар құрылған, волейбол, футбол, шаңғы спорты және тағы сол сияқты спорттық секциялар жұмыс істейді.

Қызметке үміткерлерді іріктеу кезінде қатаң талаптар қойылды – бұл денінің саулығымен қатар, бойы 185 сантиметрден биік, орта (толық) білімінің, оқу және жұмыс орындарынан жақсы мінездеменің бар болуы. Үміткердің моральдық-іскерлік қасиеттеріне және дене бітіміне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік күзет қызметі елордада алғаш рет Әскери ант қабылдады

Сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтті және қысқа мерзімде алған машық-дағдыларын көрсетті. Саптық амалдардың элементтерін көрсетіп, қонақтар мен ата-аналарының алдында салтанатты маршпен өтті.

Жаңа толымдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Айрықша мақсаттағы күштердің Қолбасшысы генерал-лейтенант Мұхтар Ақатұлы Аюбаев құттықтап, оларға: «Ант қабылдау рәсімі азаматтардың өмірінде есте қалатын тарихи күн болып табылады. Осыдан кейін Сіздер әскери өмірге аяқ басып, әскери істің қыр-сырымен танысасыздар.

Әскери қызмет атқару – бұл халыққа, Президентке адал болу, Отанды, жеріңді қорғау, сондай-ақ азаматтарда патриотизм рухын, тәртіптілік, батылдық сияқты жақсы қасиеттерді тәрбиелейтін мектептен өту болып табылады. Сарбаздар, Сіздер берілген тапсырмаларды мінсіз орындап, Отан алдындағы әскери борышты абыроймен атқарады деп сенемін» - деп тілегін білдірді.

Сондай-ақ, жеке құрамға Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаты Абай Бөлекбайұлы Тасболатов, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары, қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері мен жас сарбаздардың ата-аналары өз лебіздерін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1830384-memlekettik-kzet-kyzmeti-elordada-algas-ret-skeri-ant-kabyldady/

pixel