Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

КТК ұсынады: Жаңа жыл жаңалықтары

Опубликовано:

28-ші желтоқсан, сағат 21:00-де «Большие новости» бағдарламасы бақандай бір сағат бойы пайдалы да, қызықты репортаж ұсынады, деп хабарлайды КТК арнасы.

КТКтт
Фото: КТК: Instagram

Жаңа – 2020 жылға санаулы күн қалды. Дайындығыңыз қалай? Жаңа жылдан не күтесіз? Азық-түлік дүкендері мен базарлардағы бағалар соңғы бірнеше аптада, өтірігі жоқ, бірнеше рет өзгерді.

Қалай? Бағасы өсті. Не қымбаттады? Көкөніс, жеміс, сүт өнімдері және ет. Мәселен, осы елордалық нарықта сиыр етінің келісі 1900 теңгеден сатылып жатыр. Бір қызығы, әр саудагерде біркелкі баға.

КТК арнасының «Большие новости» тілшілері барған кезде, базар әкімшілігі мұны «дер кезінде» түмініп, бірнеше минут ішінде сөрелерде жаңа баға пайда болды – 1750 теңге.

Орташа қалталы қазақстандық ай сайын табысының қанша бөлігін қажетті азық-түлікке жұмсайды? Ал Жаңа жылға дастарқанына экзотикалық жемістерді немесе теңіз деликатестерін сатып алса ше?

«Большие новости» тілшісі тап осы тақырыпта дүкендерде, базарларда сауда жасап жүрген қарапайым азаматтардан сұқбат алып, отбасылық бюджетінің қанша сомасын жұмсағанын анықтады. Отбасымен жылына бір рет болса да мейрамханаға барып мерекелегісі келетіндер қаншама.  

Ал биыл ондай мүмкіндік бола ма? Орташа табыс табатын қазақстандық отбасылардың биылғы табысы мерекенің берекеге  қаншалықты қол жеткізе алады? Көп жағдайда тұтыну сұранысы азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі, - дейді шенеуніктер.

Басқаша айтқанда, тауарлардың қымбаттығына қарамастан, халық сатып алуға дайын. Қолма-қол ақшаға әлде несиеге ала ма, ол маңызды емес екен. Өйткені, күн сайын бәрібір тамақ ішесің.  

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, бүгінде елде барлық әлеуметтік маңызы бар өнім қымбаттаған. Бұл тізімге: сүт, нан, ет, пияз, картоп және кейбір жармалар кіреді.  

Ең көп қымбаттаған не? Бұл үрдістерге  Ұлттық банктің болжамы бар ма?   Қазақстандықтар ресми мәліметтерге сенбейтіні рас. Өйткені, базарлардағы баға онымен сәйкеспейді.

«Большие новости» тілшілері әр өңірдегі ет, көкеніс, жемістердің бағасын салыстырып көрді.    

Сарапшылар Ұлттық банктің инфляцияға қатысты болжамына не дейді?   Шенеуніктердің де, сарапшылардың да пікірі неге саяды?

Азық-түлік бағасы осылай көтеріле бере ме? Оның ерекшелігі неде?   Жалпы, 2020 жылы елімізде қандай үлкен жаңалық болады?

Заңымыздағы өзгерістер, толықтырулар, жаңа заңдар қандай болмақ?   2020-шы жылы әр салада қандай қомақты өзгеріс күтіледі?

Баспана, білім алу, денсаулық саласында көңіл толтырарлық өзгеріс бола ма?  

Міне, осының бәрін 28-ші желтоқсан күні КТК арнасындағы «Большие новости» бағдарламасынан бүге-шігесіне дейін біле аласыз. «Большие новости» тілшілері өте қызықты да, мағлұматы толық, жан-жақты репортаждар ұсынады.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833891-ktk-synady-zaa-zyl-zaalyktary/

pixel