Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавируспен күресу бойынша бірлескен жұмысты бастады
Опубликовано:
Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавирустық инфекциямен күрес бойынша бірлескен жұмысқа кірісті.
Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиниклық госпитальдарына COVID-19 коронавирустық инфекциясы анықталған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевттен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді.
Бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868466-kazakstan-men-resejdi-skeri-drigerleri-koronaviruspen-kresu-bojynsa-birlesken-zmysty-bastady/