Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық еріктілер шалғай ауылдағы балаларға қосымша білім беру сабақтарын өткізуде

Опубликовано:

«Birgemiz: Bilim»
Фото: Шығармашылық жобалар орталығы

Павлодарлық ұстаздар еріктілер қатарына қосылып, ауылдық жерлердегі мектептердің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек көрсетуде. Сабақтар онлайн түрде өткізілуде.

«Birgemiz: Bilim» бірегей жобасы еріктілер жылы аясында жүзеге асуда. Ауылдардағы жоғары сынып оқушыларына волонтер мұғалімдер қашықтықтан қосымша білім беру сабақтарын өткізеді. Орта мектептің 1000 оқушысы мен 100 ерікті ұстаз жұмылдырылды. Басында, оқытуды оффлайн түрде өткізу жоспарланған еді.

"Жағдайға байланысты онлаин форматқа көшкендіктен, аздап қиындықтарын туғызды. Ауылдық жердегі интернет сапасының нашарлығы, балаларда оқуға қажетті жабдықтардың болмауы кедергі болды. Дегенмен, көпбалалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан 60 оқушыға гаджеттер сатып алынды. Қосымша білім берумен мыңнан астам оқушыны қамтыдық. Болашақта бұл жоба әрі қарай жүзеге асып жатса, 2000-3000 оқушылар ауылдық жерден өз ынталарын білдірді" , - деді еріктілердің өңірлік үйлестірушісі Еркебұлан Күнтуған.
«Birgemiz: Bilim»
Фото: Шығармашылық жобалар орталығы

Оқушыларға ҰБТ-дің негізгі пәндері бойынша, ғылыми олимпиадаларға дайындауға, ағылшын тілі, компьютерлік және құқық сауаттылығы мен ротоботехника бойынша сабақтар ұйымдастырылуда. Жақында Павлодар облысындағы ұйымдастырушылар аралық қорытынды жасап, ағылшын тілінен үздік болғандарды марапаттады. Іс-шараға «Birgemiz: Bilim» жобасының амбассадоры, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров қатысты.

"Әрбіреулеріңіз өз қиялдарыңыздың арқасында, ой шеңберінен шығып, алға ұмтылыңдар. Соған тілектеспін. Үлкен дәрежеге жеткен азаматтарды тек бір нәрсе біріктіреді-олардың барлығы бір мақсатты қойып, соған жетуге ұмтылады. Егер сіздер волонтерлық қызмет, кәсіп, әлеуметтік бизнес жайлы ой түйіп, еңбек етсеңдер, бұл салада үздік атанасыңдар, мен оған кәміл сенімдімін", - деді Эмин Аскеров.

Марапатталған оқушылардың қатарында Ақтоғай ауданы, Әуелбек ауылының мектеп оқушысы Ақбота Файзолла да бар.

«Birgemiz: Bilim»
Фото: Шығармашылық жобалар орталығы
"Бұл сабақтар жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Дайындық арқасында қажетті бағыт-бағдар алдым. Ағылшын тілін үйреніге көп үлесін қосты. Ынта берді. Сабақ бізге ыңғайлы уақытта жүргізілді. Ұстаздар ауыл балаларына барынша көмек көрсетуде. Кей кезде «zoom» істемегенде «whatsapp» арқылы тапсырмаларды жіберді, «zoom» арқылы барлығын түсіндіріп, үй жұмысын «whatsapp» арқылы жіберіп отырдық", - дейді жоғары сынып оқушысы.

Бұл іске ағартушылық миссиясын жақсы түсінетін, шығармашыл және жасампаз ұстаздар сұрапталды. Басты талап-ауылдық оқушылармен қосымша, ақысыз және жауапкершілікпен жұмыс істеуге дайын болу. Ақсу қаласындағы оқу ордасының тәлімгері Аида Бисмилленова бір топқа сабақ беріп жүр. Ол ауыл балаларының шетел тілін білуі үшін өз тәжірибесімен бөлісуде.

Birgemiz: Bilim» керемет бастама деп ойлаймын, қолдаймын. Ауылдағы балалардың барлығы өте ақылды. Тапсырмаларды уақытылы орындайды, онлаин байланысқа қатысады, туындаған сауалдары болса, әрдайым сұрайды. Үш айдың ішінде грамматиканы меңгердік, ағылшын тілінде оқуды, кейде ағылшын тілінде жазу структурасын үйретуге тырыстым. Дегенмен, грамматикаға назар аударуды жөн көрдік", - дейді ағылшын тілі мұғалімі.

Шараға жас ұстаздар мен мұғалімге оқып жатқан жоғары курс студенттері тарапынан еріктілер де жұмылдырылды. Ауыл жасөспірімдерін онлаин сабақтарымен оқыту игу бастамасы желтоқсан айына дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883880-pavlodarlyk-eriktiler-salgaj-auyldagy-balalarga-kosymsa-bilim-beru-sabaktaryn-tkizude/

pixel