Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Абайдан - аманат»: Құрманғазы оркестрі мен Мүсірепов театрының концерт-спектаклі

Опубликовано:

аманат
Фото: Құрманғазы оркестрінің баспасөз қызметі

Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнаған бірлескен жобасы - «Абайдан - аманат» концерт спектаклінің онлайн түсірілімі өтті.

Концерттің телевизиялық жобасын «Abai.tv» арнасы түсірген.

Бұған дейін болмаған тың жоба Құрманғазы оркестрінің өзге концерттерінен ерекше.

Аталмыш концерт-спектакльге Мүсірепов театрының актерлері де үлес қосып, жобаны әсерлендіре түскен.

Абай әндері мен күйлерінен, жыр жолдарынан құрылған сценарий бір сәтке Абай әлеміне енуге мүмкіндік береді.

«Абайдан - аманат» концерт спекталінде жас Абайдың ролін белгілі актер-әнші – Ерден Жақсыбеков, Тоғжанды – «Серпер» сыйлығының лауреаты Айда Жантілеуова, Абайдың әжесін – Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген артисі – Лидия Каденова сомдайды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен биылғы жылдың «Абай жылы» деп жарияланғанын білесіздер. Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министлігінің қолдауымен екі өнер ұжымы «Абайдан-аманат» қойылымын сахнаға шығарды. Қойылым телевизиялық жобасын «Abai.tv» арнасы түсіріп жатыр.

Концерт-спектальде Абайдың бала кезінен қартайған сәтіне дейін көрсетіледі. Қойылымды Құрманғазы оркестрі жанды дыбыспен сүйемелдейді.

Дирижер, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, Мемлекетік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілерберген. Телевизиялық түсірілімді жақын арада «Abai.tv» арнасынан көрермен қауымға онлайн форматта ұсынамыз. Сонымен қатар екі өнер ұжымының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы көрсетіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтып өткен болатын. Осы орайда Абай мұрасының, Абай шығармашылығының тигізер үлесі зор деп есептеймін. Сондықтан «Абайдан-аманат» концерт-спекталінің маңызы ерекше болмақ", - дейді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

"Концерт-спектакльдің жанрын – Абайға фантазия деп қойдым. Себебі өзіміздің көзімізбен Абайды қалай көреміз, соны сахнаға шығаруға тырыстым. Яғни Абайға бала көзімен қарау. Алғашқы сахнада бала сахнаға шығып Абайдың өлеңін оқиды. Сол сәтте Абай әлеміне қиял-ғажайып арқылы еніп кетеді. Концерт-спектакль сонысымен ерекше.

Келесі сахна жас Абайдың шабыттанған кезі, Тоғжанға ғашық болған сәтіне ауысады. Ғашығымен кездесуі, оған ән арнауы мұның бәрі режиссерлік фантазия. Одан кейін әжесі Зереге еркелеуі, оны жақсы көруі, әжесінің Абайға деген махаббаты көрсетіледі. Және де Абайдың Біржан салмен кездескен сәтін осы концерт-спектакльден көруге болады", - дейді Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, жобаның режиссері Данияр Базарқұлов.

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1884645-abajdan-amanat-krmangazy-orkestri-men-msirepov-teatryny-koncert-spektakli/

pixel