Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылдан бастап шымкенттік кәсіпорын кілемшелері нарыққа шықпақ

Опубликовано:

кілем
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 5 өндіріс орны іске қосылған болатын. Соның бірі - «Бал текстиль» кілем зауыты жанынан ашылған «Бал декор» принт кілемдері мен кілемшелерін өндіретін зауыт.

Бұл кілемшелердің айырмашылығы заманауи үлгіде тоқылған. Яғни еденде таймайды және оны кір жуатын машинада жуа беруге болады. «Принт» кілемшелер арнайы дизайнмен, кез келген суретті кілемге басу әдісімен жасалады.

Түркия технологиясымен жабдықталған зауыт шикізаттарды да сол елден алдырылады.

кілем
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Құны 120 млн теңгені құрайтын жобаның өндіріс қуаттылығы жылына 400 мың шаршы метр кілемше шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын бүгінде 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Шығарылған барлық өнім ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Кәсіпорын басшысы Огуз Дуррудың сөзінше, алдағы уақытта өндіріс орнын ұлғайтып, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспорттау жоспарланған.

"Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысуға және жаңа өнім өндіруге көп жағдай жасалған. Кедендік салықтар мен құжаттарды рәсімдеуді ыңғайластырылған. Қала әкімдігі экономикалық аймақтан 1,5 гектар жер бөлінуіне қол ұшын берді. Көктемде құрылыс жұмыстары басталады. Өз зауытымыз аяқталған соң біз өндірістің екінші және үшінші этапын бастаймыз. Яғни, қазіргі кілем қалдығынан жастық және көрпе өндіруді жоспарлап отырмыз", - деді кәсіпкер.

кілем
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Алдағы уақытта жеке зауыттың құрылысы аяқталған сәтте кілемшенің барлық шикізаты қалада өндірілмек. Жаңа кәсіпорынның кілемшелері нарыққа жаңа жылдан бастап шығатын болады.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысы Береке Талғатұлы жалпы қала аумағында 2020 жылға жоспарланған 21 жобаның бүгінгі күнге дейін құны 17,4 млрд. теңге болатын 17 жобасы іске қосылғанын атап өтті.

береке
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Онда 725 жаңа жұмыс орны құрылып отыр. Ал, қалған төрт жоба жыл соңына дейін іске қосылатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890466-zaa-zyldan-bastap-symkenttik-ksiporyn-kilemseleri-narykka-sykpak/

pixel