Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жетінші арна" 26 сәуірден бастап "НяняМan" телехикаясын ұсынады

Опубликовано:

Жетінші арна12
Фото: Жетінші арна

Жаңа форматта жол тартқан "Жетінші арнада" қызық жобалар мен түрлі бағдарламалар шығарылуда. Жаңа маусымнан бастап түрлі санаттағы, жас мөлшерінің айырмашылығы мен жаңа талаптарға сай телехикаялар басталуда.

Аталмыш арна сүйікті көрермен үшін сәуірдің 26-нан бастап дүйсенбі-бейсенбі аралығында кешке 21:00-де "НяняМan" телехикаясын ұсынады.

Басты рөлде Ғалым Махамбетов пен тапқыр ұлы Расул сомдайды. Жаңа телехикаяның түсірілім барысы бойынша түрлі экшн қойылымдар қойылып, Ғалым мен Расул түрлі қызықтарға тап болады. Мысалыға бір қойылымда, кішкентай кейіпкеріміздің үйінде абайсызда өрт шығады. Расул шынайы әрі кәсіби түрде өз рөлін жоғары деңгейде алып шығып, қойылымды одан сайын қызықтыра түсті.

Телехикаяның желісі бойынша, Расул өзінің бай бизнесмен әкесі және өгей шешесімен бірге тұрады. Кезекті демалысты Расулсыз өткізгісі келетін өгей шешесі, әкесі екеуі Расулды қалдырып демалысқа кетеді. Өте тәлпіш, ерке, бірақ ұшқыр ойлы Расулды бұл шешім қуантпаса, ренжіткен жоқ. Бала күтушісімен бірге болуы тиіс Расул, алаңсыз күн кешетін, десек те табысын көбейткісі келетін күзетшімен бірге қалады.

Зәулім үйде, бүкіл демалыс бойы бірге болатын күзетші мен Расул, күн сайын Расулдың еркелігіне шек жоқ, түрлі қызық ситуацияларға тап болады.

Жаңа екі достың қызық хикаяларын тамашалағыңыз келсе, бүгін 21:30-да "Жетінші Арнаны" қосуды ұмытпаңыз.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1909779-zetinsi-arna-26-sauirden-bastap-nyanyaman-telexikayasyn-usynady/

pixel