Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұранысқа ие мамандықтарды жаңғыртуға бағытталған "Жас маман" жобасы туралы не білеміз

Опубликовано:

Маңғыстау энергетикалық колледжі басшының м.а Абдуллаев Қ.Б.
Фото: Маңғыстау энергетикалық колледжі

Қазіргі кезде еліміздегі қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер де білімге әсер етті. Жастардың да кәсіби білімге деген көзқарастары өзгерді, жұмысшы мамандықтарының еңбек нарығында сұраныс жоғары екендігі көрінді. Осы жолда «Жас маман» жобасының орны ерекше.

Жобаның мақсаты 180 колледжді және 20 жоғары оқу орнын 100 ден аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады.

Бұл жоба еліміздегі мемлекеттік колледждердегі білім үрдісін жақсарту үшін зор мүмкіндік болды. Нәтижелі еңбек кез келген білім берудің негізі. Білім алушы еңбектің жемісін көру қажет. Сондықтан колледждерді жаңа үлгідегі материалдық техникалық базамен қамтамасыз етуге мемлекет назар аударып отырғандығы техникалық және кәсіптік білім саласындағы педагогтар, оқу өндірістік шеберлері үшін қуантарлық жайт.

Маңғыстау энергетикалық колледжі
Фото: Маңғыстау энергетикалық колледжі

Жастарға теориялық білімді тәжірибемен ұштастыра оқыту, кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін білім процесінде пайдаланылатын қазіргі жаңа үлгідегі оқу өндірістік жабдықтар, материалдық құралдар өте қажет. Колледждерде халықаралық стандарттарға сәйкес оқыту бағдарламаларын дайындалып, инженер педагогтарымыздың біліктілігін арттырып, сұранысқа ие мамандықтарға жаңа үлгідегі оқу үлгісін ұсына алатын болдық.

Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқыту студенттердің аналитикалық ойлау қабілеттерін, интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дамытады. Білім сапасын арттыру жəне нəтижеге бағытталған үлгіге беталу барысында оқытушылар мемлекеттік стандарттармен берілген нəтижелерге жетуде кəсіби шебер, ақпараттық-коммуникативтік мəдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады.

Маңғыстау энергетикалық колледжі
Фото: Маңғыстау энергетикалық колледжі

Қазіргі заман адамы осы құзыреттілікті меңгере отырып, тек кəсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, өмірінде де тиімді пайдалана алатын болады. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі өндіріспен тығыз байланысты қажет ететіні анық. Соңғы жылдары заманауи өндірістік тәжірибе мен теория арасындағы алшақтықты жою үшін «Жас маман» жобасының үлесі зор болмақ.

«Жас маман» жобасы арқылы алынатын құрал жабдықтар студенттерге жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәрбиені беруге мүмкіндік береді. «Жас маман» жобасы аясында Маңғыстау энегетикалық колледжінде «Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша)» мамандығы бойынша оқу-тәжірибе кабинетінің ашылуы студенттердің мүмкіндіктерін арттырады.

Маңғыстау энергетикалық колледжі
Фото: Маңғыстау энергетикалық колледжі

Бұл мамандықта электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тұтыну, сондай-ақ өнеркәсіптік, тау-кен және ауылдық кәсіпорындарда күштік электр жабдықтарын монтаждау, жөндеу және пайдалану міндеттерін шеше алатын электрик-техникаларды дайындайды.

Техник-электрик -электрмен жабдықтау және электрлендіру құрылғыларын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу саласында жұмыс істеу үшін кең бейінді маман болып табылады.

Халықаралық стандарттарға сай құрал жабдықтармен жұмыс жасай алу үшін заманауи технологиялармен тәжірибелік білімді меңгерген жастар әрине өндіріс орындарына барғанда білікті маман болып жұмыс жасай алады. Түлектер теориялық жағынан емес, практикалық жағынан да сауатты болмақ.

Маңғыстау энергетикалық колледжі – облыстағы энергетика салалары үшін мамандар дайындайтын бірден-бір оқу орны. Біз бірінші кезекте, колледждің оқу-материалдық базасын нығайта отырып, жаңа технологияны нәтижелі қолдану арқылы білім үрдісін жүйелі жаңғыртып, нарық сұранысы талаптарына сай білікті де, білімді маман дайындауды жүзеге асырамыз.

Сонымен қатар, колледжді бітірген студенттер болашақта тәжірибелі маман болып, егеменді еліміздің өркендеуіне үлес қоса алады деп сенемін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1919954-suranysqa-ie-mamandyqtardy-zangyrtuga-bagyttalgan-zas-maman-zobasy-turaly-ne-bilemiz/

pixel