Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғалымдардың шетелге кетуін тоқтату керек": Елордада Nobel Fest 2021 өтіп жатыр

Опубликовано:

Дария Қожамжарова
Дария Қожамжарова: Nobel Fest

Nobel Fest 2021 жылдың 26 қазанында Нұр-Сұлтандағы студиядан бастау алды. "Болашақ бүгін" ІІІ Нобель фестивалінің күн тәртібіне әртүрлі форматтағы 33 іс-шара кіреді. Әлеуметтік желілердегі пікірталас алаңына Нобель лауреаттары, экономика, білім беру, экология саласындағы әлемдік сарапшылар жиналады. Фестивальге 500 университеттің өкілдері, Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжан білім министрліктерінің басшылары қатысуда.

III Nobel Fest салтанатты ашылуында Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Дария Қожамжарова сөз сөйледі.

"Үшінші жыл қатарынан М. Әуезов атындағы ОҚУ іс-шараның серіктесі болып келеді. Біз алғаш бастаған кезде, көрермендер мен қатысушылар саны небары 10 мың адам болса, ал қазір олардың саны 70 мыңнан асты. Nobel Fest Қазақстанның мақтанышы және ғылыми ақыл-ойды біріктірген ұлттық көшбасшылықтың үлгісі болды", - деді ол құттықтау сөзінде. Ректордың көзқарасы бойынша, мұндай іс-шараларға қатысу университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, "Білімді ұлт" жаңа ұлттық жобасын жүзеге асыруға көмектеседі.

Ректор университеттің даму перспективалары туралы айта келе, М.Әуезов атындағы ОҚУ үшінші мегаполис - Шымкенттің инновациялық жоғары оқу орны ретінде оңтүстік аймақтағы академиялық артықшылық орталығы болып табылады, мұнда "Ғылым қаласы" моделі бойынша ғылыми-зерттеу экожүйесі құрылады деп атап өтті. Д. Қожамжарова өз университеті "Ғылым көшбасшысы – 2020" марапатына ие болғанын және университеттің 10 ғалымы Қазақстанда ең көп жарияланатын тізімге енгенін хабарлады.

Фестивальдің екінші күні ректорлар білім беру жүйесіндегі "ғалымдардың шет мемлекеттерге кетуін" тоқтату жолдарын талқылады. Әр университет өз оқу орнының қабырғасында талантты және болашағы зор студенттер мен мұғалімдерді ұстаудың өзіндік тәсіліне ие. Мысалы, Auezov University зерттеушілер санын арттыруға және шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға ниетті.

"Техника ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Жекеевтің жетекшілігімен университет ғалымдары Норвегия, Украина, Беларусь, Тәжікстан ғалымдарымен бірлескен жобалары аясында Қазақстан мен Орта Азия елдері үшін су ресурстарының жетіспеушілігі, ағынды суларды тазарту және су ресурстарын біріктірілген басқару мәселесін зерттеп жатыр", - деді Дария Қожамжарова.

Фестиваль 4 күнге созылады. Nobel Fest онлайн-алаңдарына әлемнің ең беделді университеттерінің профессорлары: Лондон Экономика мектебі, MIT Массачусетс технологиялық институты, Стэнфорд университеті, Нью-Йорк университеті, сондай-ақ Microsoft, Google, SAP, Chevron сияқты ірі халықаралық корпорациялардың басшылары мен жетекші сарапшылары қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1939593-galymdardyn-setelge-ketuin-toqtatu-kerek-elordada-nobel-fest-2021-otip-zatyr/

pixel