Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда патриоттық флешмоб жалғасуда (видео)

Опубликовано:

флешмоб
Кадр: видеодан

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ҚР Президентінің Телерадиокешенімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіз еліміз құтты болсын!" атты патриоттық флешмобты жалғастырады.

Мемлекеттік күзет қызметінің миссиясы – Мемлекет басшысының, Тұңғыш Президенттің – Елбасының, өзге де күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік күзет қызметі аса маңызды мемлекеттік әрі жауапты іс-шараларды мінсіз атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ҚР Президентінің Телерадиокешенімен бірлесіп, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіз еліміз құтты болсын!" атты патриоттық флешмобымен бастаған болатын.

Бейнеклиптер қазақтың белгілі әнші-композиторы, Қазақ КСР халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнімен сүйемелденді. Бірінші бейнероликте композицияны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оркестрі орындады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі дәл осы композицияны таңдаған болатын, енді МКҚ Президенттік оркестрінің орындауында тамашалаңыздар.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі эстафетаны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне табыстады.

ҚР Президенті телерадиокешенінің ақпараты бойынша, дәл қазір Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп кезекті бейнеролик түсіріліп жатыр.

Еліміздегі ең ұлық мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтуден сіз де қалыс қалмаңыз. Туған жерге деген сүйіспеншілігіңізді жеткізіп, флешмобқа қосылыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942890-qazaqstanda-patriottyq-flesmob-zalgasuda-video/

pixel