Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марат Ахметжанов Шымкент активіне жемқорлыққа қарсы Тұжырымдама жобасын таныстырды

Опубликовано:

Шымкент актив11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы Марат Ахметжановтың Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала әкімі Мұрат Айтеновтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Іс-шара мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, депутаттардың, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өтті.

Марат Ахметжанов өз сөзінде әзірленіп жатқан 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасына егжей-тегжейлі тоқталды.

Ол Тұжырымдаманың новеллаларының бірі негізсіз баю және шығыстардың кірістерден асып кетуі үшін жауапкершілікті енгізу болып табылатынын атап өтті. Бұл қаржылық тексеруді бастау үшін сигнал болады.

Марат Ахметжанов11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

"Бүгінде жаңа талаптар бойынша барлық мемлекеттік органдарда жобалық басқару енгізілуде. Ел дамуының барлық жалпыұлттық басымдықтары енді осы қағидаттар арқылы іске асырылатын болады. Сондықтан, қазір барлық мемлекеттік органдар үшін Ұлттық жобалардан басқа 6 негізгі міндетті жобалық бағыт анықталды. Олардың бірі "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық бастамалар осы бағыт аясында жүзеге асырылатын болады", - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Агенттік басшысының мәліметінше, 2019 жылдан бастап жыл сайын 100-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркеледі, 70-тен астам лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мұрат Әйтенов11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Сонымен қатар, отырыс барысында осы жылдың 10 айындағы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының қорытындылары қаралды.

Іс-шара соңында қала басшысы Мұрат Әйтенов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, бірқатар тапсырмалар берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942893-marat-axmetzanov-symkent-aktivine-zemqorlyqqa-qarsy-tuzyrymdama-zobasyn-tanystyrdy/

pixel