Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Жастар практикасы» жобасына қатысушылардың 60 пайызға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты

Опубликовано:

бойжеткен11
Фото: pixabay.com

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша елдегі оқу орындары жыл сайын 300 мыңнан астам маман шығарады. Еңбек нарығына алғаш қадам басқан түлектердің басты проблемаларының бірі – «жұмыс тәжірбиесінің жоқтығы» болып табылады.

Осы мәселені шешу үшін 2011 жылы Қазақстанда жұмыссыз түлектерді мемлекеттік қолдаудың жаңа құралы – «Жастар практикасы» жобасы іске қосылды.

Бүгінгі күні бұл жоба Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытының шеңберінде іске асырылуда.

Жобаның мақсаты – жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға алған мамандығы (кәсібі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірбиесін беру. Жобаның шарттарына сәйкес, оған оқуын алдыңғы 3 жыл ішінде бітірген және 29 жасқа толмаған түлектер қатыса алады.

Жастар практикасы 6 айға дейін жұмысқа орналастыру мерзімімен уақытша жұмыс орындарын құру арқылы бір жылдан артық жұмыс істеп тұрған және жалақы бойынша берешектері жоқ кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Жұмыс беруші жастар практикасына қатсушыға кәсіби білімін және жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі жұмыскерлердің арасынан тәлімгер тағайындайды.

Жастар практикасының тағы бір ерекшелігі – қатысушының жалақысын 25 АЕК (2021 жылы – 72 925 теңге) мөлшерінде мемлекеттік субсидиялау, бұл қаржы практика аяқталғанға дейін төленеді

Осылайша жобаға қатысатын жұмыс беруші жаңа қызметкер табады, ал түлек практикадан өтіп, білім мен тәжірбие жинақтайды әрі мемлекеттен жалақы алады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша ағымдағы жылы жастар практикасын ұйымдастыру үшін өңірлердің халықты жұмыспен қамту орталықтары 10,6 мың ұйыммен және кәсіпорынмен шарт жасасқан. Жаңа кадрлар іздеуде мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компаниялары, сондай-ақ халыққа әр түрлі қызметтер ұсынатын кәсіпорындар белсенділік танытты.

Осы жылдың 10 айында жастар практикасына 25,4 мың түлек жіберілді, оның 16,3 мыңы әйелдер (64%) және 9,1 мыңы ерлер (36%). Жастар практикасына қатысушылар арасында колледж түлектерінің үлесі – 69%, жоғары оқу орны түлектерінің үлесі – 31%. Жастар практикасы көбінесе мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, агрономдар, бағдарламашылар және психологтар арасында сұранысқа ие.

Есепті күнге жастар практикасын 11,1 мың адам аяқтады, оның 6,6 мыңы немесе

59 %-ы тұрақты жұмыс орналасты, олардың басым бөлігі практикадан өткен кәсіпорындарға жұмысқа тұрған.

Естеріңізге сала кетейік, біз сіздерге тәжірбиесі мен жұмыс өтілінің жоқтығына қарамастан, жұмысқа орналасқан «Жастар практикасына» қатысушылар туралы айтқан болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1942895-zastar-praktikasy-zobasyna-qatysusylardyn-60-paiyzga-zuygy-turaqty-zumysqa-ornalasty/

pixel