Қалдықсыз өндіріс қалай іске асырылады

Опубликовано:

Май өндірісі
Фото: Сбербанк

Өндіріс барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын процесті әдетте қалдықсыз өндіріс атайды. Шетелде оны «таза өндіріс» деп те жатады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі.

Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндіруің тәсілі энергия мен шикізат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады.

Бұл ретте, елімізде қалдықсыз өндіріс орындары бірен-саран. Солардың қатарында «Май» АҚ ерекше атап өтуге болады.

Кәсіпорын Өскемен қаласы деңгейінде ғана емес, Қазақстан бойынша ең көне май зауыты. Зауыт келесі жылы өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтеді.

Атқарып жатқан жұмысына келсек, зауыттың өндірістік қуаты жылына шамамен 100 мың тонна. Бүгінгі күні «Май» АҚ жеке элеватор мен қоймаларын қосқанда өз қуатының толық спектріне ие жалғыз зауыт болып табылады. Өндіріс процесі тек 48 сағатты алады, бұл майдың пайдалы қасиеттерін сақтауға үлкен мүмкіндік.

Май өндірісі
Фото: Сбербанк

Зауытта Қазақстанда баламасы жоқ Швейцарияның «Buhler» компаниясынан тұқымды автоматты тазалау және дайындау желісі орнатылған, ол қауыздың 90 пайызына дейін жоюға мүмкіндік береді.

Жуырда жаңартылған автопарк жергілікті жеткізушілерден тұқымдарды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді. Шикізатты басқа өңірлерден жеткізу үшін темір жол пайдаланылады. Айта кету керек, зауыттың жеке темір жол тұйығы да бар.

Май өндірісі
Фото: Сбербанк

Зауыттың негізгі сауда белгілері – «№1 Маслозавод», «Забота», «Майское», «Кудесница». Кәсіпорынның ауқымды коммерциялық желісі қазақстандық нарықтың 35% иеленуге мүмкіндік берумен қатар, оны көшбасшы етеді. Кәсіпорын тәулігіне 150 тоннаға дейін дайын өнім шығарады. Зауыт қызметі Шығыс Қазақстан облысы экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосуда.

«Жақында ғана Сбербанкпен бірлесіп, инвестиялық жобаларға 800 мың еуро несиелік қаражат тарттық. Планетаны экологиялық қорғау шаралары аясында май құю желісін жаңарттық, қалдықсыз өндіріске қол жеткізу үшін майларды химиялық ыдырату желісін сатып алдық. Бұл жұмыстардың барлығы мемлекеттің кәсіпорындарды қайта құрылымдауға субсидия бөлуінің және Сбербанктің инвестициялауының арқасында жүргізілді», - дейді Татьяна Костина.
Татьяна Костина
Татьяна Костина. Фото: Сбербанк

Өндірісті кеңейтудегі маңызды қадамдардың бірі «Сбербанк» АҚ ЕБ тарапынан қаржыландыру. Банктің несие көмегімен кәсіпорын итальяндық SIPA компаниясының жабдықтарын сатып алып, май құю желісінің өндірісін ұлғайтты. Бұл жабдық тәулігіне 1-ден 5 литрге дейін жүз мыңдаған бөтелке шығаруға мүмкіндік береді. Әрбір шөлмек тексеріледі, дайындалған күнімен таңбаланады және қаптамаға жіберіледі.

Сбербанктің қаржыландыруымен «Май» АҚ зауытта қалдықсыз өндірісті жолға қоюға мүмкіндік беретін арнайы жабдыққа ие болды. Мысалы, май зауытында соапстокты бөлу желісін орнату бойынша экологиялық жоба іске асырылды. Алынған өнім болашақта фармацевтика мен косметологияда қолданылады. Осылайша, зауыт қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл кәсіпорынның экологиялық тазалығын арттырады.

«Сбербанк өңдеу өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөледі. «Май» АҚ біз 2009 жылдан бастап жұмыс істейміз және ынтымақтастық жылдары кәсіпорынға қазақстандық нарықта көшбасшылық позицияны сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірнеше инвестициялық жобаларды іске асырдық. Бұл біздің негізгі және сенімді серіктестеріміздің бірі», - деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Өскемен қаласындағы филиалының директоры Ольга Федоренко атап өтті.
Ольга Федоренко
Ольга Федоренко. Фото: Сбербанк

Айта кету керек, «Сбербанк» АҚ ЕБ әрқашан Қазақстанның ірі де, ұсақ бизнес өкілдерін қолдауға ерекше назар аударып келеді. Әсіресе соңғы жылдары пандемия салдарынан әлемдік экономиканың қиын жағдайында да көмек көрсетуді тоқтатқан емес.

Банк тарапынан қаржыландырудың арқасында танымал болған көне май өндірушісі өз жабдығын жаңартып, өндірістік қуатын жақсартты және бүгінде Қазақстандағы №1 май өндірушісі маркасы атына лайық жұмыс жасауда.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/press-relizy/1945122-qaldyqsyz-ondiris-qalai-iske-asyrylady/

jitsu gif