Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте медицина бұйымдарын шығаратын кәсіпорын ашылды

Опубликовано:

зауыт ашылды11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін Шымкентте "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарлама аясында медицина бұйымдарын шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды.

Бұл фармацевтика саласындағы "Green Cross Eco" ЖШС-нің "Медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі" жобасы. Жобаның құны 500 млн теңгені құрайды. Мұнда жаңадан 50 жұмыс орны құрылды.

Кәсіпорын жылына иммуноферментті анализдің 500 мың жинағын және 70 млн инсулинді ине шығаруға қауқарлы.

кәсіпорын 74
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Тассай" индустриялды аймағында орналасқан өндіріс ошағының ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.  

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған қала басшысы осы жылдар ішінде қаланың дамуы жолындағы еселі жетістіктерді атады.

зауыт Шым
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Тәуелсіздік жылдарында қалаға тартылған инвестиция көлемі 2,6 трлн. теңгеге жетті. Оның тең жартысы соңғы 3,5 жылдың үлесіне келеді. Отыз жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 6 мыңнан 74 мың бірлікке, онда жұмыспен қамтылғандар саны 35 мыңнан 168 мың адамға артты. Шымкент қаласы мегаполис болып қалыптасты. Шымкент – бір-біріне қызмет көрсетіп, бір-бірінен тауар алатын үлкен нарыққа айналды", - деді Мұрат Әйтенов.

кәсіпорындар74
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мегаполисте есепті кезеңде өнеркәсіп саласында 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылып, жаңа 10 кәсіпорын іске қосылды. Ал, "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7,8 млрд теңгеге 1 946 жобаға қолдау көрсетілген.

дәріхана кәсіпорын743
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1946493-tauelsizdiktin-30-zyldygy-qarsanynda-symkentte-medicina-buiymdaryn-sygaratyn-kasiporyn-asyldy/

pixel