Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жергілікті көрікті жерлер бойынша тур өтті (фото)

Опубликовано:

Ақпараттық тур
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

"Жаңа Жібек жолы" ақпараттық туры Алматы облысының негізгі көрікті жерлерінің барлығын қамтыды. Оған қазақстандық туроператорлар мен турагенттер қатысты.

Турды ZhetysuTravel Туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.

Айта кетерлігі, аталған тур орталықтың ұйымдастыруымен осымен үшінші рет өткізіліп отырған "Жаңа Жібек жолы" туры болып табылады. Бағдарламаға "Қорғас" ШЫХО-на сапар және Іле-Алатауы, Шарын және Көлсай көлдері сынды үш ұлттық паркке бару енгізілген.

Ақпараттық тур
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Тур ұйымдастырушыларының сөзінше, іс-шара облыстың ішкі туризмін дамытуды мақсат етеді.

"Бұл ең алдымен ішкі туризмді дамытып, жаңа маршуттарды әзірлеу үшін жергілікті туроператорларға арналған таптырмас мүмкіндік болып отыр. Біздің бағдарлама елімізде ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдерде аты аңызға айналған көрікті жерлерді аралау жөнінен тиімді болып тұр", - дейді ұйымдастырушылар.

Ақпараттық тур
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Тур қатысушылары арасында Қазақстан туристік қауымдастығы, "Туристік ақпараттық орталық" КММ, Visit Shymkent, Visit Taraz (Жамбыл облысы), Visit East Qazaqstan (ШҚО), "Turkistan Tourism Center" Туристік ақпараттық орталығы, "Тұмар-Транс" ЖШС, Global tourism service, "Тұран Экспресс Тур" ЖШС, LIMON TRAVEL туристік компаниясы, Pegas Touristik Kazakhstan, Demalike.tours туроператоры, Itraveler, Kazakhstan travel Hub, Kitotravelastana туристік компаниясы, MOCEAN.Travel (ex.Sxodim Travel), DISCOVERY KAZAKHSTAN ЖШС бар.

Ақпараттық тур
Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971490-almaty-oblysynda-zergilikti-korikti-zerler-boiynsa-tur-otti-foto/

pixel