Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдірайымовтың жұбайы: Бағланға тұрмысқа шығамын деп мүлде ойлаған емеспін

Бағлан Әбдірайымов әйелімен
Бағлан Әбдірайымов әйелімен. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов 2010 жылы шаңырақ көтерген. Әншінің жұбайы Роза Айтпаева "Алғашқы" бағдарламасында Бағлан Әбдірайымов тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қалай жасағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мектеп қабырғасынан бері бір-бірімізді танығаннан кейін ресми түрде танысқан емеспіз. Олар үлкен "Жігіттер" тобы болып көтерілгенде, тойда, қуанышта көрісіп тұрдық. Сәлеміміз түзу. Күнде таңертең Бағланнан (Әбдірайымов - ред.) хат келіп тұрады. Мен де жауап қайтарамын. Ол Астанаға келгенде, маған "қоңырау шалып, тамақтанайық, кешке боссың ба дейтін.

Бағланға тұрмысқа шығамын деп мүлде ойлаған емеспін. Досым ретінде баратынмын. "Жігіттер" тобының мүшелерімен бірге барып тамақтанатынбыз", - деді әншінің әйелі Роза Айтпаева.

Сонымен қатар Бағлан Әбдірайымовтың жұбайы әнші тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қалай жасағанын айтты.

"Көбісі менен "Сізге қалай тұрмысқа шығуға ұсыныс айтты" деп сұрайды. Оны айтсам, бәрі күледі. "Жігіттер" тобымен барып бір жерде кешке тамақтандық. Бағлан мені үйге әкеліп тастады. Топтың үш жігіті, жүргізуші жігіт көлікпен күтіп тұр. Біз подъезде сөйлесіп тұрмыз. Сол жерде "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деп айтып тұр. Подъездің іші суық, үйге кіргім келіп тұр. "Жарайды, сосын ойланайыншы" деп сасып қалдым.

2010 жылы ұзатылдым. Тойымыз Шымкентте болды. Қызым 2011 жылы дүниеге келді. Айқаракөз деп есімін өзі қойды", - деді әншінің жұбайы Роза Айтпаева.