RU

Өзбек актері "Жұлдыздар соғысы" фильміне түсті

Қазір Лондонда тұрып жатқан өзбек актері Рашид Шадад «Жұлдыздар соғысы: Күш оянуы» жаңа фильм-сагасының эпизодтарына түсті.

Бұл туралы My Day порталына сілтеме жасаған Podrobno.uz хабарлады деп жазады ras.kz.

Бүгінде ВВС актері болып саналатын өзбек Рашид Шадад (Абдурашид Шодиев) мұнда Джакку планетасының тұрғыны ролінде ойнайды.

«Басында мен планетаны келушілерден қорғап тұрған солдаттардың бірінің ролінде ойнадым. Фильмге түсу үшін болған іріктеу, кастинг пен байқау түсірілімі 5 айға созылды. Ақыр соңында рольге бекітілгеннен кейін, біз картинаның режиссері Джей Джей Абрамспен кездестік. Ол барынша қарапайым, сөйлескенде тартымды адам болып шықты. Әңгіме барысында ол рольдің эпизодтық болғанымен, маңызды екенін түсіндірді», – деді Рашид.

Рашид Шадад бұдан бөлек, «Орындалмас миссия», «Спектр» фильмдері мен 2016 жылы экранға шығатын Джейсон Борн туралы сериалда шағын рольдерде ойнаған.

Артист Өзбекстанда «Ильхом» театрында жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1003987-ozbek-akteri-zhuldyzdar-soghysy-filmi/