Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мешітте азан шақырған Сәкен Майғазиев көпшілікті таңырқатты (видео)

Опубликовано:

"МузАРТ" тобының әншісі Сәкен Майғазиев мешітте азан шақырып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

https://youtu.be/Hd2X_dEtOUY

Екі қолын құлағының артына қойып, Алматыдағы мешіттердің бірінде кешкі азанды шақырған өнер жұлдызының жаңа қырын халық ерекше ықылыспен қабылдап жатыр.

Азан шақырудағы ерекше үнімен, сөзі тұнық естілген әншіні барлығы бір ауыздан «иманға бет бұрып, халықпен бірге намазға тұрған өнер жұлдыздары жасасын» деп қолдап жатыр.

Бейнежазбадан азан шақырған әріптесін ұйып тыңдаған Мейрамбек Беспаевпен басқа да шығармашылық адамдарын көруге болады. Видео авторының сөзінше, видеоны ағымдағы жылдың жазында түсірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1004669-meshitte-azan-shaqyrghan-saken-mayghazie/