RU

Қайрат Нұртас отбасымен бірге Бурабайда қыдырып жүр (фото, видео)

Қайрат Нұртас қысқы демалысын отбасымен бірге Бурабайда өткізіп жатыр. Әртіс қалың қарда көлікпен серуендеп, таза ауа мен әсем табиғаттың аясында бой жазуда.

Ет жеп, самаурыннан шәй ішкен сәттерін желіге салған Қайраттың суреттерін жанкүйерлер қызықтап қараған.

Желі қолданушыларының дені самаурынның шәйі тәтті болатынын айтып, әншінің демалысын осылай өткізгенін құптап жатыр.

Тұлпарды алғаш тізгіндеген Қайрат кең далада ән сала жөнелді.

Қайрат Нұртастың ата-анасы да Бурабайдың тамаша көрінісінен ләззат алып, атқа отырып, серуенге шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1004940-qayrat-nurtas-otbasymen-birge-buraba/