"Корпоративте" құйқылжыта ән салған Бибігүл Төлегенова кеш қонақтарын тәнті етті

Опубликовано:

Қазақтың "бұлбұл" әншісі атанған Бибігүл Төлегенованың құйқылжыған даусы бүгінге дейін халықтың құлақ құрышын қандырып келеді. Жақында ұжымдық кеште ән салған Халық әртісінің видеосы ғаламторда пайда болып, көпшілікті тәнті етті.

Бибігүл Төлегенованың ән салған сәтін YouTube желісіне Mixed 1991 лақап атымен ғаламтор қолданушысы жүктеген.

Видеоның желісі бойынша, Бибігүл Төлегенова "Еуразия" мейрамханасында 2015 жылдың 29 желтоқсан күні  өнер көрсеткен.

Бибігүл Төлегенова елімізге белгілі опера әншісі, актриса, педагог. КСРО-ның Халық әртісі әрі Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған танымал тұлға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1005159-korporativte-quyqylzhyta-salghan-bi/