Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда танымал актер Меңтай Өтепбергенов көз жұмды

Опубликовано:

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меңтай Өтепбергенов көз жұмды, деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінен.

Бұл туралы Қазақпарат жазады.

Астана қаласы әкімінің орынбасары, киностудияның бұрынғы басшысы Ермек Аманшаев Twitter-де жариялады. Актердің ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмғаны айтылады.

Меңтай Смағұлұлы Өтепбергенов 1946 жылы 7 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Мәскеу цирк училищесін, Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын тәмамдаған.

ВГИК түлегі Меңтай Өтепбергенов «Ақ шаман», «Тайны мадам Вонг», «Интердевочка», «Рэкетир» және «Шанхай» фильмдеріндегі рөлдері арқылы көрермен есінде қалды. Ол «Гүлдер» эстрадалық ансамблін құрушылардың бірі еді. СССР-дің 13 киностудиясында 47 кинокартинаға түскен актер "Құлагер-2009" Ұлттық кинематография сыйлығының лауреаты атанған деп көрсетеді Азаттық.

Коллекционер және филателист ретінде де танылған Меңтай Өтепбергенов 1999 жылы КИНЭС Қазақстан рекордтар кітабына "Маркадағы әлем киносы" атты кітап авторы ретінде кірген.

Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, кино әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанда пантомимо өнерін қалыптастырушы.

Жерлеу рәсімі бейсенбі, 7 қаңтар күні өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1005593-almatyda-tanymal-akter-menhtay-otepbe/

pixel