RU

МС Сайлаубек NUR.KZ порталына берген эксклюзивті сұхбатында өзінің сүйіктісі мен діни сенімі туралы айтып берді

Аяқ асты танымал болып шыға келген рэпер МС Сайлаубекті жұрт түсініксіз тілде ән айтады деп даттағанымен, оны көшеде көргендердің дені рэпермен селфиге түсіп, қолтаңбасын алып жатады. NUR.KZ порталы МС Сайлаубектің эксклюзивті сұхбатын назарларыңызға ұсынады.

- Сізді көшеде тани ма?

- Иә, барлық жерде дерлік танып жатады. Менімен селфиге түсуді жиі өтінеді.

- Желіде өзіңізге айтылған пікірлерді оқып жатасыз ба?

- Негізінен продюсерлер оқиды. Сынға мән беріп жатпаймын.

Сайлаубек - отбасындағы алтыншы бала. Оның ата-анасында 12 бала болған, алайда үшеуі - әпкесі мен екі ағасы көз жұмған.

Рэпер қарапайым бала болып өскен, кішкентайынан әнге әуестік танытқанымен өнерге қадам жасап көрмеген. Бәрі секілді мектеп бітіріп, механик мамандығына техникумға түседі. Дипломын алғанымен, мамандығы бойынша сол беті жұмыс істемеген. Құрылыстан бастап, саудаға дейін түрлі жұмыстарды істеп көрген.

Жақындарын бұл жағдай қуантпайды. Олар Сайлаубектің отбасылық дәстүрді сақтап, жөнді жұмыс табатынынан үмітті болған: рэпердің әкесі 43 жылын мектептегі жұмысына арнаған, олардың ішінде 20 жылын директорлыққа жұмсайды, барлық аға, әпкелері - ғылым кандидаттары, мұғалімдер. Дегенмен Сайлаубек өз жолын таңдаған.

Ал өзін танымал еткен роликті кім түсіргенін рэпер әлі күнге дейін нақты білмей отыр екен.

Видео авторы оны желіге жүктегенде Сайлаубектің өмірі күрт өзгеретінін ойламаған болуы керек. Сайлаубек өмірі жақсарып, кезінде өзін қуып жүретін кафе бүгінде оның есіміне қойылғанын жасырмады.

"Бастапқыда ағаларымның бірі Алматыға үлкен үмітпен келгенімде маған сенбеген еді, дегенмен ол қазір менің өнерге бар денімді қойып жүргенімді түсінді", - дейді Сайлаубек.

- Көбі сізді түсініксіз тілде ән айтады дейді, келісесіз бе?

- Мен үшін ол түсінікті. Осының арқасында менің жанкүйерлерім көбейді. Бұл мені таныта түскен стиль.

- Ол шет тілін білмегендіктен, осындай сөздік қор пайда болды. Мұның өз ерекшелігі бар, - деп түсіндірді әншінің продюсері Бақытжан Жүнісбеков.

- Әнді қалай шығарасыздар?

- Ол бастапқыда әуенін ойдан шығарады, біз оған аранжировка жасатамыз, кейін сөздері жазылады - дейді продюсер.

Алматыға Сайлаубекті тағы бір продюсері Аслан Бақытжанов ерте келген. Ол әншінің алғашқы концертін де ұйымдастырған.

- Оның бүгінде 4 клипі бар. Сайлаубек – толыққанды әртіс. Бізге өзге жұлдыздармен бақталаспаймыз, себебі оның жанры мен стилі бөлек. Бүгінде оның Sirius Star Production атты өз студиясы бар, - дейді Бақытжан.

Бүгінде команда Сайлаубектің биографиясына фильм түсіруді қолға алған. Картина «Өмірге оралу» деп аталады. Басты мақсат - 40 жаста да өмірді өзгертуге болатынын жеткізу дейді продюсерлер.

- Өнер көрсетуіңіз қанша тұрады?

- 1000 доллар. Тапқан ақшама анама қолғабыс болуға тырысамын. Жақында оның бір көзіне ота жасатты. Үш жыл мүлдем көрмейтін, бүгін бір көзімен көру мүмкіндігін алды. Енді екінші көзіне ота жасатып, мені көргенін қалаймын.

- Сіздің сүйіктіңіз бар ма? Әйел затының қандай болғанын қалайсыз?

- Менің сүйіктімнің есімі - Жаннұр. Осы жылы той жасап, отбасы көтермекшімін. Бала сүйгім келеді. Әйел ең бастысы жарының анасын, отбасын құрметтеуі керек. Ол нәзік, мәдениетті, түсіністігі мол болуы керек.

- Танымалдықтан не ұнап, не ұнамайды?

- Әзірге бәрі ұнайды. 14 қаңтарда біз Қазақстан бойынша өнер көрсетеміз. Аздап сынағандары көңіліме тиеді.

- Ең үлкен қорқынышыңыз қандай?

- Өлімнен қорқамын. Өмірді бағалау керектігін түсіндім.

- Сіздің діни сеніміңіз қандай?

- Мен діншіл адаммын, әр жұма сайын мешітке барамын.

- Дегенмен көбі сіздің ішімдікке әуес екеніңізді айтуда... 

- Кез-келген адам секілді менің де мереке күні немесе қалаған уақытымда сыра ішуге құқығым бар.

Рэпердің продюсерлері видео авторын тауып, онымен бірге келесі «Пусть говорят - Аффтор жжет» бағдарламасына барғысы келетінін жасырмады.

МС Сайлаубек туралы:

Сүйікті орындаушысы – Тупак Шакур

Сүйікті футбол командасы – «Манчестер Юнайтед», «Астана»

Сүйікті спорт түрі – бокс

Хобби – би мен музыка

Өмірлік ұстанымы – «Жолды жүрген адам еңсереді»

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1014301-ms-saylaubek-nur-kz-portalyna-eksklyuzivti/