RU

Бүркіт екінші ұлының есімін қойды

Әнші Бүркіт әлеуметтік желіде жақында туылған екінші ұлының есімі қойылғанын мәлімдеді. Нәрестеге ат қою құрметі әртістің әкесіне бұйырыпты.

"Ал, құрметті ағайын, достар, жерлестер! Атасы азан шақырып, немересінің есімін Омар деп қойды. Екінші ұлымның есімі Омар Бекжігіт. Аллах разы болсын! Дені сау үлкен азамат болып өссін. Елінің сүйікті ұлы болсын! Атсалысқан достарға үлкен алғысым! Сіздер барда біз бақыттымыз, халқым", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын Бүркіт екінші рет әке атанған болатын, жұлдызды жұптың бұдан бөлек Зейін есімді үлкен ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1017728-burkit-ekinshi-ulynynh-esimin-qoydy/