Ресейлік әнші Юрий Антонов жансақтау бөліміне түсіп қалды
Опубликовано:
Дүйсенбіде ауруханаға жеткізілген ресейлік әнші, композитор Юрий Антонов жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады аурухана анықтама бюросына сілтеме жасаған РИА Новости.
«Ол 10-шы жансақтау бөлімінде жатыр», - деп мәлім етті ауруханадан.
Бұдан бұрын ресейлік ақпарат көздері Антонов жүрек талмасына ұшырады деген күдікпен ауруханаға түскенін хабарлаған. Композитор өзі ауруханаға уланып түскенін мәлімдеді.
Юрий Антонов - Ресей халық әртісі (1997), РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері (1993). «Отан алдындағы қызмет үшін» IV дәрежелі орденімен (2005), Құрмет (2010) медалімен марапатталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1018138-reseylik-anshi-yuriy-antonov-zhansaqtau/