Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков үш бойжеткеннен құралған тобын таныстырды (фото)

Опубликовано:

Дастан Оразбеков жаңа Turkiss атты қыздар тобын таныстырды, деп хабарлайды Baistars.kz.

Өткен жылы сәуірде «Орда» тобының мүшесі Дастан Оразбеков өзінің қыздардан құралатын тобына кастинг жариялаған болатын. Әнші қазақстандық эстрадада ерекшеленіп тұратын топ құрмақ ниетті болған. Кастинге қатысқан 500-ге жуық қыздың ішінен Далида, Анели және Жанар есімді қыздар таңдап алынып, топқа Turkiss деген атау берілді. Қыздарды эстрадаға дайындауға азды-көпті 10 ай жұмсалған.

Дастан Оразбековтың пікірінше, топтың әуені басқа топтардан өзгеше, ешқайсына ұқсамайды. Жоба Қазақстанда ғана емес, Әзербайжанда да өнер көрсететін болады. Топтың әзербайжандық продюсері — Иса Меликов бір кездері қарапайым әншілер Эльдар Гасымов пен Нигяр Джамальды «Евровидение» жеңімпазы деңгейіне дейін жеткізген атақты продюсер.

Turkiss тобының мүшелері кішкентайынан бимен, әнмен айналысқан бойжеткендер. Дастан Оразбековке бұл сала әзірге таңсық, себебі әнші бұған дейін тек жігіттерден құралған топтармен жұмыс істеп келгені бәріне мәлім.

«Мен үшін қыздармен жұмыс істеу өмірімдегі ең қиын кезең болатын шығар. Олардың көзінен қорқынышты немесе істей алар ма екенбіз деген күмәнді көргенде, өзім де қатты қапаланамын» — дейді продюсер.

Бүгінде Turkiss тобы ән жазып қана қоймай, оған бейнебаян түсіріп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1027290-dastan-orazbekov-ush-boyzhetkennen-qur/