Қара нәсілді актерлер «Оскарды» табыстау рәсіміне байкот жариялайтынын мәлімдеді
Опубликовано:
Америка киноакадемиясы биыл «Оскар» сыйлығын табыстау рәсіміндегі жүргізушілер мен қатысушылардың тізімін жариялаған болатын.
28 ақпанда марапаттау рәсіміне қатысатындардың арасында Бенисио Дель Торо, Вупи Голдберг және Кевин Харт бар, деп жазады baq.kz.
«Бұл актерлердің әрқайсысы «Оскар» сахнасының сәнін келтіреді», - деп мәлімдеді ұйымдастыру шараларының продюсерлері Дэвид Хилл мен Реджинальд Хадлин.
Алдағы өтетін сыйлықты табыстау рәсімін номинант актерлердің тізіміндегі жеткіліксіз нәсілдік алуантүрлілік туралы қызу пікірталас бүлдірді, көптеген қара нәсілді әртістер наразылық ретінде сыйлықтарды табыстау рәсімінде бойкот жасайтынын мәлімдеді.
Ал режиссер Спайк Ли ақ нәсілді емес актерлерді «Оскарға» шығару кезінде арнайы квоталарды енгізуді талап еткен, деп хабарлайды Би-би-си.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1029204-qara-nasildi-akterler-oskardy-taby/