Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі әнші жаңадан құрған дуэтіне ат қойып беруді сұрап отыр

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов продюсер атанбақ. Әнші екі музыкант жігіттің басын біріктіріп, дуэтті өз қол астына алды деп хабарлайды Baistars.kz.

Жігіттердің бірі – домбырада, бірі – баянда ойнайды. Дуэт дәстүрлі стиль мен эстрада стилін байланыстырып, жаңа әндер жазуға кірісіп кетті. Жақында бейнебаян шығады деп жоспарлап қойған, оған сюжет те дайын екен.

Бар мәселе топтың атауында болып тұр. Қазірге дейін 200-ге таяу ат бар. Бірақ музыканттар көпшілікпен ақылдасып, дуэттің атын халықпен бірге қоюды қалап отыр. Және жақсы ат ойлап тапқан адамға сый да қарастырылған: лайықты ат ойлап тапқан адам, топтың бейнебаянына түседі. Оның жасы, жынысы, ұлты қандай болатыны, маңызды емес.

Сондықтан егер топқа лайықты қандай да бір ат ұсынғыңыз келсе, пікір ретінде білдіруіңізге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1039713-belgili-anshi-zhanhadan-qurghan-duetine/

pixel