Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгерім Қалаубаеваның үш тілде орындалатын әні тыңдармандарға ұнамай қалды

Опубликовано:

Әнші Әйгерім Қалаубаева үш тілде шырқалатын «I love you» әнін тыңдармандарына ұсынды. Өнер иесі алғашында әннен үзіндіні Instagram желісіндегі парақшасына жариялаған болатын.

Оның еңбегіне жеміс тілегендермен қатар, соңғы уақытта өнер иесінің әнге деген талғамы төмендеп бара жатқанына алаңдағандар да табылды деп жазады Корреспондент басылымы.

Тыңдармандары «Әндеріңіздің мағынасы жоғалып барады. Өкінішті», «Не деген ән? Сіздің әндеріңіздің мағынасы жоқ жеңіл әндер», «Ужас, не ән мынау» деген пікір қалдырған.

Алайда, әнші өзін сынаған желі қолданушыларына дер кезінде жауап  қатып та үлгерген. Олардың біріне «Мен тек өзіме ұнайтын, жаныма жақын әндерді орындаймын. Егер әндерім өзге жанның көңілінен шығып жатса, демек, ойымыз, көңіл-күйіміз, жанымыз ұқсайды деген сөз деп ойлаймын! Мен де барлық әнді ұната бермеймін... Сол сияқты сіздің де таңдауыңыз бар! Бастысы аман болайық, қалғаны түзелер», -деп жазған.

Алайда Қалаубаева оқырмандарына бұл пікір ұнамаған болу керек. Бір қолданушы «Мәселе, өзіңізде ұнауда емес. Мағынасы мен сөзіне, әніне де сәл мән беріңіз... Ол да бір ақшаға келген дүние ғой. Хит болуы керек» деп кеңестерін де беріп үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1040799-aygerim-qalaubaevanynh-ush-tilde-orynd/

pixel