Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Меломен" тобының жол апатына кім кінәлі?

Опубликовано:

«Меломен» тобының жол апатына ұшырағаны дүйім жұртты дүрліктіріп қойды. Мәселенің мән-жайын, жол апатына кімнің кінәлі екенін топ мүшесі Ролан Қазретов баяндап берді.

Ролан бұл оқиғаны пиар үшін болды деген сөзді жоққа шығарды, деп жазады baistars.kz.

«Аллаға шүкір, аманбыз. Бұл оқиға бәрімізді тәубеге келтірді. Бүгін бар, ертең жоқ екенімізді еске салды. Бір сәтте өміріміз көз алдымыздан зу етті. Егер қомақты жол апаты болғанда арты не боларын кім білсін?! Аллаға сансыз шүкір айтамыз және дұға-тілектерін жаудырған тыңдармандарымызға да көп рақмет!» — деді Ролан.

Осыдан кейін әнші жігіт көлік апатының жай-жапсарын әңгімеледі.

«Көлік апаты 6 ақпан күні кешкі сағат 21:30-22:00 шамасында болды. Төртеуміз және тобымыздың арт-директоры Қайрат Мамыраев бәріміз Жігердің Lexus автокөлігімен Науаи көшесімен жоғары көтеріліп келе жаттық. Сөйтіп, солға бұрылып, тоқтайын деп жатқанда қарсы бағытта жоғары жылдамдықта келе жатқан Nissan жол талғамайтын автокөлігі артқы жақтан келіп соқты. Қатты сілкіністен көлік айналып-айналып, бірақ тоқтады", - деді Ролан.

Роланның айтуынша, тізгінде отырған Жігердің мойны салбырап, қорылдап, талып қалған. Жігіттер дереу жедел жәрдем, жол полициясын шақырған. Топ мүшесі Жігердің миы шайқалып, омыртқасы төрт жерден тайып кеткен.

"Ауруханада бір күн жатты, одан кейін халық емін жасайтын жақсы бір емшіге апардық. Ол дереу сүйектерін орнына салып, ем-домын жасады. Қазір денсаулығы ойдағыдай", - дейді әнші.

Әртістердің әңгімесінен жол апатына Nissan автокөлігінің иесі кінәлі екені белгілі болды. Айыпталушы әншілерден қазір де кешірім сұрап жүр. Дегенмен, жол полиция қызметкерлері көлік апатын тіркеп, істі қолдарына алған. Соңғы шешімді сот қабылдайтын көрінеді.

Сонымен қатар, Ролан Қазретов тыңдармандарына үлкен алғысын жеткізді.

"Бізді уайымдап, хабарласып жатқан адамдар өте көп. Басында тіпті ата-аналарымызға айтуға ұмытып кеткенбіз, олар да естіп-біліп уайымдап қалған. Барлықтарыңызға көп рақмет. Аллаға шүкір, денсаулығымыз жақсы, аман-есенбіз. Құдай бізді бір қатерден аман алып қалды", - деді Ролан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1041703-melomen-tobynynh-zhol-apatyna-kim-kinal/