RU

Баян Есентаева жағымсыз жайтты елемеуге еті үйренгенін айтты

Баян Есентаева әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне өзінің ішкі дүниесі қандай жағдайда екенін айтты. Продюсер күйеуіне қатысты дау тудырған видеодан кейін қандай сезімде екенін оқырманына анық аңғартқандай.

"Біреу өкінеді, біреу қуанып жатыр, біреулер басқа түскен қиындықты жүрекпен қабылдайды. Әркім әрқалай күй кешеді. Айналаңда болып жатқан жайттарды елемеуге, қайғырмауға, депрессияға түспеуге етім әбден үйренген. Бәрі де өткінші, бәріне уақыт емші. Адам жүрегінің де шыдамы таусылатын кез болады екен. Төзім таусылғанда, жүрек те жай ғана соғуын жалғастырады!", - деп жазды Есентаева Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1052665-bayan-esentaeva-zhaghymsyz-zhaytty-eleme/