Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әдемі жүргенді ұнататын әртістер киімге қанша ақша жұмсайды?

Опубликовано:

Ел алдында әдемі болып жүргенді қалайтын отандық шоу-бизнес өкілдері сәнді әрі талғаммен киінуге барын салады. NUR.KZ әртістердің ай сайын киімге қанша ақша жұмсайтынын біліп көрді.

Әнші Айқын киімге айына 300 доллар көлемінде ақша шығарады. Әншінің айтуынша, ол бренд қуып, артық шығынға батпайды, тек қажеттісін ғана алады. Ал әртістің сахналық костюмдеріне біраз қаржы жұмсалатын көрінеді.

Турал Эверест киімге ай сайын 350-400 доллар жаратады. Әнші қала дүкендерінен джинсы шалбар мен футболкаларды жиі алады.

"Домино" тобының әншісі Зәкір киім-кешекке айына 500 доллар жұмсайды. Әнші көбінесе жейде сатып алғанды ұнататынын жеткізді.

Mysterions тобының әншісі Дильен жақсы киінгенді қош көреді. Әнші әдемі киім алу үшін  айына 600 доллар көлемінде ақша жұмсайды. Көп жағдайда Дильен өзін жаңа свитер, классикалық стильдегі костюмдер алып қуантады.

Отандық өнер өкілдерінің ішінде ақшасын киімге оңды-солды шашатын әртіс Жеңісхан екен. Бас киімдерді ұнататын режиссер Жеңісхан шопингті ең маңызды істерінің бірі санайды. Оның айлық шығыны 1000 доллардан асып түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1055160-ademi-zhurgendi-unatatyn-artister-kii/