Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Гүлнәз Жоланова "тұрмысқа шықты" (фото)

Опубликовано:

Отандық актриса Гүлназ Жоланова сазгер Арман Дүйсеновтың «Арман» әніне түсірілген бейнебаянында тұрмысқа шықты. Бұл туралы Baistars.kz хабарлайды.

Cазгер Арман Дүйсенов жақын арада екі бірдей әніне бейнебаян ұсынбақшы. «Жан қызым» бейнебаянында актриса Гүлназ Жоланова қалыңдықтың рөлін сомдайды.

Ал оның ата-анасының рөлін Нұрлан Абдуллин мен Салтанат Қалиева сомдап шыққан. Бейнебаянда оған сырға салу рәсімі өтеді.

Ал «Арман» әніне түсірілген бейнебаянда Гүлназ Жоланова ұзатылады. Екі бейнебаян да арасына ұзақ уақыт салмай, бірінен кейін бірі шығады.

Бейнебаянға, сонымен қатар, Арман Дүйсеновтың өз отбасы да түскен. Әйелі, қызы мен екі ұлы бәрі отбасының рөлін сомдайды.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлназ Жоланова «Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы, актриса, бірқатар қазақстандық телехикаяларда басты рөлдерді сомдаған. Қазіргі кезде «Жаңа күн» таңғы шоуын жүргізіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1056646-aktrisa-gulnaz-zholanova-turmysqa-shyq/

pixel