Қайрат Нұртас туған күнін қалай өткізді? (фото, видео)
Опубликовано:
Қайрат Нұртас туған күнін ең жақын достарымен бірге көпшілік назарынан тыс жерде атап өтті. Әнші таза ауада тыныстап, достарымен ат тізгіндеп серуенге шыққан.
Құрдастарының арасында көңіл көтеріп отырған Қайрат Нұртас тіпті әзірленіп жатқан стейкке арнап ән шырқаған.
Ал әншінің досы Мақсат өнерпаз інісіне ақ тілегін жаудырып, Қайраттың болмысын қайың ағашына теңеді.
"Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де, мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос. Інім, алдағы өмірде де абыройың артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер! 100 жаса !!! ", - деп ақ тілегін айтты әншінің досы.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтағысы келген анасы ұлына хабарласа алмағанын жазған болатынбыз.
Әншінің кешегі 27 жасқа толған қуанышына байланысты Қайраттың қызылордалық жанкүйері ерекше сый жасаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1057619-qayrat-nurtas-tughan-kunin-qalay-otkiz/