Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 баланы өмірге әкелген Роза Әлқожа жарының тоқал алуына рұқсатын берді

Опубликовано:

Халық арасында көп балалы ана, ерекше даусымен танымал әнші Роза Әлқожа құдай қосқан жан жарының екінші әйел алуына қарсы еместігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, өнер жұлдызының жары, талай газет-журналдардың редакторы болған белгілі журналист -  Айдын Әбдібекұлы Қаба.

Осыған дейін де ел арасында Айдын Қабаның тоқал алуға ниетті екені, алайда жұбайының рұқсат бермегені жайлы әңгіме желдей ескен болатын. Алайда, жексенбілік бағдарламада айтқан Роза Әлқожаның сөзі бәріне нүкте қойғандай.

«Егер оны қаламаса, рұқсат сұрамайтын еді. Ер азамат рұқсат сұраса, оған рұқсат бермеуге болмайды. Рұқсатын бергенбіз. Ал одан кейін өзі ойланып қалған сияқты», - деп күліп жауап берді әнші журналистің сұрағына.

Тоқал алуға рұқсат берген әнші бұл қадамға барған азаматтың қалтасы қалың болуында ескерте кетті.

«Ол үшін де (тоқал алу үшін де) адамның дәулетті болуы керек. Екі жақты да (екі әйелді де) теңдей, бірдей ұстауы керек деген секілді қиындықтары бар» - деп өз ойын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1059125-5-balany-omirge-akelgen-roza-alqozha-zhar/

pixel