Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

КВН-ға төреші болып келген МС Сайлаубек әзілді түсінбей қайтты

Опубликовано:

Бүгінде кез-келген шараға МС Сайлаубекті қатыстыру сәнге айналып барады. Отандық рэпер өзін жаңа қырынан таныту мүмкіндігін қалт жібермеуде.

Жақында әртіс КВН-ге төрешілік етуге шақырту алды. Ойынға отандық жоғарғы оқу орындарының 4 командасы қатысты. Сайлаубектің айтуынша, ойын қызықты өтті. Төрешілер, тіпті кімге бірінші орынды береміз деп біраз пікір таластырған.

Рэпер іс-шарада қалжыңға жаны жақын еместігін айтып, ағынан жарылды. Ол үшін әзіл сайысына төрешілік ету тың дүние болған.

Кей қалжыңдарды түсінбей қалса да, әнші өзіне артылған міндетті барынша әділ атқаруға тырысты. Сайлаубектің айтуынша, ол қалжың әлемінен гөрі, спортқа көбірек ден қояды.

Ойын соңында әртіс барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлағандары үшін алғысын білдіріп, барынша әділ баға беруге тырысқанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1062801-kvn-gha-toreshi-bolyp-kelgen-ms-saylaube/